ОҚО әкімі облыстық депутаттарды қабылдады

ОҚО әкімі облыстық депутаттарды қабылдады

ОҚО әкімі облыстық депутаттарды қабылдады
ашық дереккөзі
201

Өңір басшысы Б.Атамқұлов Оңтүстіктен Солтүстікке  қоныс аударған азаматтардың жағдайымен танысу мақсатында еліміздің солтүстігіне баратын облыстық мәслихат депутаттарының делегациясын қабылдады.

Айта кету керек,  құрамында облыстық мәслихаттың хатшысы Қ.Айтөреев, облыстық мәслихаттың депутаттары Ж.Ағабеков, Д.Әбіш, А.Салимов, М.Төлтебаев пен М.Тұрысбековтер бар жұмысшы топ мүшелері іссапар кезінде Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Е.Сұлтановпен және xалық қалаулылары, сондай қоғам қайраткерлерімен жүздеспек.

Елбасының  еңбек күші мол аймақтан солтүстік өңірлерге қоныстандыру арқылы жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау жөніндегі тапсырмасы аясында  биыл Оңтүстіктен Солтүстікке қоныстанған 74 отбасыға мемлекеттен бөлінетін  субсидия толығымен берілді. Бүгінде тағы 32 отбасының құжаты рəсімделуде.

Кездесу барысында депутаттар облыс әкіміне осы бағдарламаның іске асыру барысы туралы айтты. Сонымен қатар, халық қалаулылары қос облыстың екі жақты ынтымақтастығын дамыту мәселелерін талқылады.

Серіктес жаңалықтары