281
Сарапшылар телефоннан дереу жойылуы керек бес қосымшаны атады
Сарапшылар телефоннан дереу жойылуы керек бес қосымшаны атады
Заманауи смартфондардың операциялық жүйесі өздігінен жаңарып отырады және қосымша қадағалауды талап етпейді. Бірақ басы артық жүктелген қосымшалар смартфонның жұмысын тежейді және жеке мәліметтердің таралу қауіпін ұлғайтуы мүмкін.
Сарапшылар телефоннан дереу жойылуы керек бес қосымшаны атады.
Біріншісі - нөмір анықтайтын қосымшалар. Мұндай қосымшалар біреу белгісіз нөмірден қоңырау шалған кезде пайдалы болуы мүмкін. Бірақ, сәйкесінше сіздің нөміріңіз де бәріне белгілі болады.
Батареяны үнемдеуге арналған қосымшалардың да пайдасы шамалы.
Сондай - ақ, смартфонды тазалап, жадты босататын қосымшалар да қажет емес. Алғашында пайдасы бар сияқты көрінгенімен, аз уақыттан кейін проблемаға қайта ұшырасасыз.
Шам (фонарь) қосымшалары да жойылуы керек. Егер смартфонның өзінің шамы болса, басқа шам не үшін қажет? Мұндай бағдарламаларға зиянды жасақтама жиі жасырылады.
Бұл - камера қосымшасы мен Google Drive ішіне салынған QR код сканерлеріне де қатысты.