Мирзияев – Өзбекстан президенттігіне кандидат

Мирзияев – Өзбекстан президенттігіне кандидат

Мирзияев – Өзбекстан президенттігіне кандидат
ашық дереккөзі
156
Өзбекстан Президентінің міндетін уақытша атқарушы, премьер-министр Шавкат Мирзиеев ел президенттігіне кандидат ретінде ұсынылды. Бұл туралы жұма күні республиканың Орталық сайлау комиссиясының Facebook-тағы парақшасында хабарланды. «Өзбекстан либералдық-демократиялық партиясы саяси кеңесінің отырысында Шавкат Мирзиеевтің кандидатурасы Өзбекстан президентінің сайлауына ұсынылды», - деген комиссия хабарламасын жеткізді РИА Новости. Еске сала кетейік, 2 қыркүйек күні 78 жастағы Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Каримов инсульттан көз жұмды. Республика президентінің міндетін уақытша атқаруға премьер-министр Шавкат Мирзиеев кірісті. Конституцияға сәйкес осы лауазымды иеленуі тиіс Сенат төрағасы Нигматилла Юлдашев қызметтен өз еркімен бас тартты. Өзбекстан ОСК төрағасы Мирза-Улугбек Абдусаломов президент сайлауы 4 желтоқсанда өтетінін хабарлады. Кандидаттарды ұсыну 30 қыркүйекте басталып, 20 қазанда аяқталады.  

Серіктес жаңалықтары