416
Шымбұлаққа блокбекет қойылды
Шымбұлаққа блокбекет қойылды
Шымбұлақтың жоғары тұсында, үлкен Алматы өзені маңындағы Аюсай шатқалына қарай өтуге тыйым салынды, – деп хабарлайды tengrinews.kz.
Қалалық төтенше жағдайлар қызметі өкілдері бұған құтқарушылардың жарылыс ұйымдастыруы себеп дейді. Көшкін жүрудің алдын алу мақсатында олар тау шатқалынан 5 мың текше метр қар түсірген.
«11 ақпанда қар қалың жауғанына байланысты үлкен және кіші Алматы шатқалдарында жаяу жүргіншілерге және қала демалушыларына жолдар жабық. Дүйсенбі, яғни 15-не дейін жол жабық болуы ықтимал. Ауа райына қарай тағы да айтамыз», – деді «Қазселденқорғау» ММ Алматы қаласы бойынша басқарма басшысының орынбасары Кеңесжан Күнесбай.