Торайғыров университетінің алты профессоры үздік оқытушы атанды

Торайғыров университетінің алты профессоры үздік оқытушы атанды

Торайғыров университетінің алты профессоры үздік оқытушы атанды
ашық дереккөзі
345
Павлодарлық профессорлар «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» республикалық байқауында жеңіске жетті, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz тілшісі. «Салтанат Әубәкірова, Руслан Мұқанов, Айнагүл Қалиева, Жанар Мусина, Софья Масакбаева және Лязат Толымбекова гранттарға ие болды. Олар ғылыми зерттеулерін металлургия, машина жасау, мәдениеттану, биология және химия салаларында жалғастырады», – деп хабарлады университеттің баспасөз қызметі. Университеттің хабарлауынша, «Көліктік техника және логистика» кафедрасының аға оқытушысы Руслан Мұқанов ішкі жану двигателінде био жанар-жағармайды қолданудың тиімділігі мен экологиялық қасиеттерін зерттеуді Кастилья Ла-Манча университетінде жүргізбек. Ал профессор-химик Софья Масакбаева өндірістік кәсіпорындардың қалдықтарын қайта өңдеу мәселесін зерттеуде. «Биология және экология» кафедрасының меңгерушісі Айнагүл Қалиева паразитология бойынша электронды оқу құралын басып шығарады, сонымен қатар, қоршаған ортаның биологиясын Ноттингем университетінде зерттейді.

Серіктес жаңалықтары