50247
Том Леффлер: Головкин «Канеломен» үшінші мәрте жұдырықтасу үшін салмақ дәрежесін өзгертуі мүмкін
Том Леффлер: Головкин «Канеломен» үшінші мәрте жұдырықтасу үшін салмақ дәрежесін өзгертуі мүмкін
IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер Fino Boxing-тің YouTube платформасындағы парақшасында қазақстандық боксшының шаршы алаңға қашан оралатынын мәлімдеді.
Леффердің айтуынша, Головкин келесі кездесуін маусым айында өткізуі мүмкін, алайда нақты қай күні өтетіні және кімге қарсы жұдырықтасатыны белгісіз.
Сондай-ақ, ол Головкиннің Сауль «Канело» Альвареспен үшінші мәрте жұдырықтасу үшін екінші орта салмақ дәрежесіне өтуі мүмкін екенін және тартысты кездесу үшін барлық ұсынысқа келісуге әзір екенін жеткізді.
Десек те, промоутер Головкиннің 5 мамырда мексикалық Хайме Мунгияға қарсы өткізуі мүмкін кездесуі туралы нақты ештеңе айтпады. Есесіне, ол Геннадий Головкин мен WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы жапондық Риота Мурата арасындағы кездесу қызықты әрі тартысқа толы өтуі мүмкін екенін, екі тараптың бұл жекпе-жекті ұйымдастыруы әбден ықтимал екенін айтты.