Қырғызстан мен Тәжікстан шекара мәселелерін талқылады

Қырғызстан мен Тәжікстан шекара мәселелерін талқылады

Қырғызстан мен Тәжікстан шекара мәселелерін талқылады
ашық дереккөзі
371
Қырғыз үкімет басшысының орынбасары Жениш Разаков Бішкекке ТМД мемлекет басшыларының саммитіне қатысуға келген тәжік әріптесі Азим Иброхиммен кездесті.
Қырғыз үкіметі баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық байланыстардың дамуын, сондай-ақ қырғыз-тәжік мемлекеттік шекарасын делимитациялау және демаркациялау мәселелерін талқылады. Екі елдің вице-премьер-министрлері атап өткендей, Қырғызстан мен Тәжікстан екі жақты қарым-қатынасты нығайту үшін мемлекеттік шекара мәселелерінің толық шешілгенін қалайды. Жениш Разаков бұл мәселелерді жан-жақты талқылау үшін қырғыз-тәжік үкіметаралық комиссиясының кезекті отырысын өткізуді ұсынды.

Серіктес жаңалықтары