348
Атырау 11 мың тонна балық экспорттады
Атырау 11 мың тонна балық экспорттады
Былтыр Атырау облысынан 11 мың тонна өңделген балық экспортталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің айтуынша, өткен жылы өңір балықшылары 11 мың 600 тонна балық аулаған. Оның 11 мың тоннасы өңделіп, 98%-ы шетел нарығына шығарылды. Қазір балық шаруашылығы саласында 4 800 адам еңбек етеді.
«Қазір өңірде балық шаруашылығы саласын дамыту үшін ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне 8 жоба ұсынылды. Оның қатарында тоған шаруашылығын дамытуға бағытталған 6 жоба бар. Сондай-ақ, балық шабағын өсіру, балық шабағын өсіру зауытын кеңейту жобаларын іске асыру жоспарланып отыр», – дейді Махамбет Досмұхамбетов.