Көші-қон заңы көңілден шықты ма?

Көші-қон заңы көңілден шықты ма?

Көші-қон заңы көңілден шықты ма?
ашық дереккөзі
1299
«Қазақстан Республи­ка­сы­ның кейбір заңнамалық акті­ле­ріне көші-қон процестерін рет­теу мәселелері бойынша өзге­ріс­тер мен толықтырулар енгізу тура­лы» заң жобасы 2019 жыл­дың мау­сым айында Парламент Мәжілісінде қаралды. Жұ­мыс тобы­ның 20-дан астам отырысы болды. Онда қандас­тар­дың мәсе­ле­сімен қатар, сыртқы және ішкі көші-қонды рет­теуге бай­ла­ныс­ты жағдайлар қарастырыл­ған еді. Заң жобасын дайындауға қа­тыс­қан белсенділер бұл жолы оң өзгеріс көп болатыны жай­лы жиі айтып жүрді. 2019 жылы этникалық қазақтарға ар­налған Көші-қон заңына енгізілгелі отырған өзгертулер мен то­лықтыруларды естіп, көңілде  үміт ұялаған еді. Өйткені он­да қазақ көшіне біршама кедергі болып отырған қағаз­бас­тылық пен кеңселік кедергілер ретке келеді деген еді қайсыбір бел­сенділер. Сонымен көптен күт­кен заңға Президент Қасым-Жо­март Тоқаев 2020 жылғы 15 мау­сымда қол қойды. Мемлекет бас­­шысы қол қойған заң 2021 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді.

Сонымен не өзгерді,  не өзгермеді?

1992 жылғы 26 маусымда қабыл­дан­ған «Көшіп келу туралы», 1997 жыл­ғы 13 желтоқсанда қабылданған «Ха­лықтың көші-қоны туралы» заң­дар көші-қон саласындағы қоғамдық қа­тынастарды реттеп, көші-қон үде­рі­сінің құқықтық, экономикалық жә­не әлеуметтік негіздерін белгілеп бер­ді. Сөйтіп, атажұртқа оралған қан­дас­тардың жаңа қоныста өмір сүру жағдайын жасау мәселесі мемлекеттік тұрғыда қолға алынды. Осыған орай, Қа­зақстанның Көші-қон және де­мог­рафия жөніндегі агенттігі, Көші-қон комитеті, Дүниежүзі қазақтарының қауым­дастығы сынды мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар құрылып, кө­ші-қон саясатын жүргізуге атса­лыс­ты. Алайда көші-қон саласы әлі де қ­а­ғазбастылық пен бюрократиядан көз ашпай келе жатқаны жасырын емес. Сол себепті көпшіліктің көз тік­ке­ні Көші-қон заңы болып отыр. Олай дейтініміз қандастардың ата­жұрт­қа алғаш орала бастағанына мі­не, 30 жыл толса да, заң талаптары әлі же­тілмей, мәселе шешілмей келеді. Қор­даланған көп түйткілдің бір ұшы ай­налып келіп заңға тіреледі. Зерт­теу­шілердің дерегіне сенсек, 1997 жы­лы 13 желтоқтанда қабылданған «Халықтың көші-қон туралы заңына 5-6 рет өзгертулер мен толықтырулар ен­гізіліпті. Тіпті мүлде алынып тас­тал­ған баптар да бар. Бұдан өзге Үкі­мет­тің шығарған қаншама қаулысын қо­сыңыз. Бірақ сонда да заң шеттен көшіп келген ағайынның шетін мә­се­лесін шеше қойған жоқ. Азаматтық алу кезінде талап етілетін құжаттар, бас­паналы болу, жер алу тағы басқа құқықтық және әлеуметтік мәселелер бар. Осының салдарынан қандастар ара­сында көптеген күрделі мәселелер анық­талып отыр. Мәселен, отбасы мү­шелерінің бөлініп қалуы (депор­та­циялау), азаматтық алу (тұрақты тір­кеуді талап ету, ұлты қазақ екенін рас­тайтын анықтама, шығу парағы (ви­засы), сотталмаған туралы анық­та­ма және медициналық анықтама т.б.) секілді басы артық нормалар қан­ша­ма ағайынды делдалдарға жем қылып отыр. Көші-қон заңындағы түйткіл­дер­ді өзгертіп, қайта түзету мәселесін қо­ғам белсенділері айтудай-ақ айтып ке­ле­ді. Бұл ретте газетіміздің қан­дас­тар­ға арналған ATAJURT бетінде де осы көші-қон заңындағы нормалар жай­лы көптеген мәселе көтерілді.

Тұрақты тіркеу тұрақты проблема болып қала ма?

Көші-қон заңында уақытша тір­кеуге тұру, бейімделу, ықпалдастыру деген ұғымдар бар. Бірақ бұл заң то­лыққанды жүзеге асып жатқан жоқ. Мәселен, кейбір өңірлерде бір жылға берілетін әлеуметтік жатақханалар бар. Алайда бұл еліміздің барлық өңі­рін­де жоқ. Тұрақты тіркеуге тұру үшін бір адамға ең кемі 90 мың теңге ке­те­ді. Кейбір көпбалалы отбасы үшін бұл көп шығын. Ал бұл қаржыдан мем­ле­кет­ке бір тиын түспейді. Тек делдал­дар­дың қалтасы қампаяды. Осыған байланысты аталған заң жо­басын жасаған жұмыс тобының мү­шесі, бұрынғы Мәжіліс депутаты Кә­рібай Мұсырманнан заңдағы өзге­ріс­тер туралы сұрап көрдік.  width= – Мемлекетіміз қандастары­мыз­дың құқықтарын қорғау, оларға әлеу­мет­тік қолдау көрсету мәселелеріне ұдайы көңіл бөліп, қолданыстағы кө­ші-қон заңнамасы уақыт талабына сай жетілдіріліп келеді. Өткен жылы Үкі­мет әзірлеп, Парламент Мә­жі­лісінің қарауына ұсынған «Қазақстан Рес­публикасының кейбір заңнамалық актілеріне көші-қон процестерін рет­теу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жо­басында атажұртқа оралған ағайын­­дардың Қазақстан аза­­мат­ты­ғын алуын одан әрі жеңілдетуге бағыт­талған жаңа нормалар бар. Мә­се­лен, қандастарымыздың «оралман» мәр­тебесін және Қазақстан азаматты­ғын алуға қажетті құжаттарды бір мез­гілде, яғни бұрынғыдай екі рет емес, бір-ақ рет тапсыруы көзделді. Сондай-ақ көші-қон, салық және ең­бек заңнамасын бұзушылыққа жол бе­ріп, әкімшілік жазаға тартылған қан­дастарымыздың Қазақстан азаматтығын алуына қойылған шек­теу алынып тасталды. Алайда, аталған заң жобасын талқылау жөніндегі жұ­мыс тобының отырыстарында қан­дас­тарымыздың Қазақстан азамат­тығын алуына әлі де елеулі қиындық тудырып, әуре-сарсаңға түсіріп келе жатқан тағы бір өзекті мәселе – ішкі іс­тер органдарының тұрақты тіркеуді та­лап етуі. Осыған байланысты шет ел­д­ерден көшіп келген этникалық қа­­зақтардың көпшілігі тұрғын үй сатып алуға мүмкіндіктері бол­ма­ған­дықтан, өздерін жекеменшік тұрғын үй­лері мен пәтерлеріне тұрақты тір­кеуге рұқсат беретін адамдарды іздеп, сол үшін оларға едәуір ақы төлеп, шы­ғындануға мәжбүр. Бұл аздай, кейін көші-қон полициясының қызметкерлері қандастарымыздың тіркелген баспаналарында тұрмай­ты­нын әшкерелеп, оларға ақшалай айып­пұл салып, қосымша шығындан­ды­рып жатады. Мұның өзі көші-қон по­лициясының кейбір қызмет­кер­лерінің сыбайлас жемқорлыққа ұрынуы­на жағдай туғызатыны да жа­сырын емес. Осы проблеманы ше­шу үшін қолданыстағы көші-қон заң­намасына қосымша түзету енгізу та­лап етілмейді, кейбір нормативтік-құқықтық актілерге ғана өзгерістер ен­гізу қажет. Атап айтқанда, Ішкі істер министрінің шетелдіктерге жә­не азаматтығы жоқ адамдарға Қа­зақстанда уақытша және тұрақты тұру­ға рұқсат беру қағидаларын бе­кіту туралы 2015 жылғы 4 желтоқ­сан­дағы №992 бұйрығына, сондай-ақ Қа­зақстан азаматтығына қабылдау мә­селелері бойынша өтінішхаттарды іш­кі істер органдарының қабылдау, ре­сімдеу және қарау қағидаларын бе­кіту туралы 2016 жылғы 28 қаң­тардағы №85 бұйрығына тиісті тү­зетулер енгізу қажет. Осы мәселе бойын­ша біз, «Nur Otan» партиясы фрак­циясының мүшелері бір топ де­путат Үкіметке хат жолдап, қан­дас­тарымыздың Қазақстан азаматтығын жеңіл­детілген тәртіппен алуына елеу­лі кедергі болып отырған тұрақты тір­кеуді талап етуді алып тастауды не­месе осы проблеманы шешудің бас­қа ұтымды тетігін қолдануды сұра­дық. Алайда бұл мәселе шешіліген жоқ, – дейді Кәрібай Мұсырман. Экс-депутаттың айтуынша, бұдан бас­қа заң талаптарында Парламент оң­тайлы шешімдер шығарған, алайда тү­зетілген заңды стандарттау кезінде, яғ­ни нормативтiк құқықтық актiлер ен­гізгенде Мәжілістің «қатырып» қой­ған заңы өзгеріп кетеді екен. Өйткені Кө­ші-қон заңының 2-бабына сәйкес, «Ха­лықтың көшi-қонын реттейтiн заң­дары, көшi-қон саласындағы заң­дар Қазақстан Конституциясына не­гiз­деледi және өзге де нормативтiк құ­­­қықтық актiлерден тұрады» делін­ген.  width= – Қандастарға жақсы жаңалықты бөліскім келіп отыр. Былтыр Ішкі іс­тер министрлігінің бастамасы бойын­ша тұрақты тіркеу арқылы азаматтық алу­ды жеңілдету мақсатында заңға тиіс­ті өзгерістер енгізілді. Онда әр қан­дасқа бір уақытта Қазақстанда тұ­рақты тіркеуге тұру үшін және жеңіл­детілген тәртіппен Қазақстан аза­маттығын қабылдауға мүмкіндік берді. Осыған байланысты, енді ық­тияр­хат алмай-ақ, тұрақты тіркеуімен азаматтыққа бір-ақ рет құжат тап­сы­ра­ды. Құжаттарды қараудың жал­пы мер­зімі 6 айдан, 3 айға дейін қыс­қар­тылды. Аталған норма 2021 жыл­ғы 1 қаң­тардан бастап қол­дан­ыс­қа енгі­зіл­ді. Алайда аумақтық Көші-қон қыз­ме­ті азаматтық беру кезінде қандастар тұ­рақты тіркеуге тұрған соң одан ық­тиярхат талап еткен жағдай болса, он­да менің әлеуметтік парақшама жаз­са болады. Оларға тиісті шара қол­данамыз, – дейді Көш-қон қызметі ко­митеті төрағасының орынбасары Са­быржан Сейітжанов. (Ал ықтиярхат ал­май-ақ азаматтыққа құжат тапсыру Кө­ші-қон заңында бұрын да болған).

Жеңілдіктер де жоқ емес

Өткен жылы Қазақстанның Ақ­па­рат және қоғамдық даму министрі Аи­да Балаева халыққа есеп беру кез­де­суінде елге оралған қандас­тары­мыз­ға құжат рәсімдеу анағұрлым жеңіл­детілгені жайлы яғни, қандас­тар­дан талап етілетін құжаттар тізімі 46-дан 20-ға дейін қысқартылғанын айтқан болатын. Министрдің айтуынша, елге орал­ған қандастарға құжат рәсімдеу едәуір жеңілдеп, «бір терезе» қағидасы ен­гізілді. Соның нәтижесінде қазір қан­дастар 5-6 құзырлы орынды ара­лап табан тоздырмай, барлық шаруа­сын бір жерден шешетін болады, олар­ға қажетті құжаттардың саны да екі есеге ықшамдалып, рәсімдеу уа­қыты 6 айдан 3 айға қысқарады де­лінген. Бұл қандастар үшін қуанышты жаңа­лық болды. Сонымен бірге бұрын­ғы «оралман» атауы заң жүзінде «қан­дас» болып өзгерді. Бұл заң Ішкі іс­тер министрлігінің арнайы бұйры­ғымен 1 қаңтардан бастап күшіне енді. Қазір «қандас мәртебесін» ХҚКО арқылы алуға болады. Жаңа заңға сөйкес, биылдан бас­тап қандастарымыз Қазақстан аза­мат­тығын алу үшін тиісті құ­жат­та­рын жинап, бірден азаматтық алу­ға мүмкіндігі бар. Қазақстан ау­мағына кел­геннен кейін 30 күн уа­қытша жүру­ге және осы уақыт ішінде тұ­рақ­ты тұ­ру­ға құжат тапсыруға бо­ла­ды. Бұрын анықтаманың жарам­ды­лы­ғы 3 ай болса, қазір 6 айға дейін ұзар­тылды. Яғни 90 күннің ішінде аза­маттық алып, әрбір қандас өзі қа­ла­ған жерде өмір сүруіне болады. Со­нымен қатар бұрын кейбір елдер­ден келген қан­дастардың құжатын Сыртқы істер ми­нистрлігінің кон­сул­дық департа­мен­ті арқылы заң­дас­тыра­тын (легали­зация). Яғни анық­тамалары жалған емес екенін растай­тын. Қандастар әр анықтама үшін 8 751 теңге төлейтін. Сонда барлығы 26 253 теңгеге жеткен. Енді 2021 жылғы 8 ақпаннан бастап әр анықтама ақы­сыз беріледі. Тек қана салық бөліміне 1 456 теңге төлейді. Ал бұрынғы заң талабында шетелден көшіп келген қазақ Қазақстанның әкімшілік құ­қық­бұзушылық туралы ко­дексі бойын­ша құқық бұзған жағдайда аза­маттық беру процесі 1 жыл­ға, тіп­тен 5 жылға дейін шегері­летін. Бұл нор­маға жеңілдік жасалды. Сондай-ақ Үкіметтің қаулысы бойын­ша виза беру (кейбір визамен жүретін елдер­ден келетін қандастар үшін) мәселесі тоқ­тап тұрған болатын. Өйт­кені қау­лы болғанымен, стандартқа кірмеген. Қа­зіргі пандемия жағдайына байла­нысты «СБОР» (1 459 теңге) деген виза берілетін болды. Алайда ол сот­тың ше­шімі арқылы жүзеге асады.

Серіктес жаңалықтары