289
Өңіраралық жастар бизнес тағылымдамалары
Өңіраралық жастар бизнес тағылымдамалары
«Өңіраралық жастар бизнес тағылымдамалары» жобасыныың соңғы күні жас кәсіпккерлер Қазақстан жастар конгресінің атқарушы директоры Айдын Маратұлы Сабитовпен кездесті. Кездесу барысында Елбасының жолдаулары, Бес институциялық реформалары және орта кәсіпті дамыту жайлы, елімізде кәсіпкерлерге жасалып жатқан қолдаулар, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының» мемлекеттік қолдауына ие болу жайлы сөз қозғалды. Еліміздің әр өңірінен келген жас кәсіпкерлер өз сөздерінде ұйымдастырушыларға алғыстарын айтып, елімізде орта кәсіптің дамуына үлес қосып келетінін айтап өтті.
«Өңіраралық жастар бизнес тағылымдамалары» «Қазақстан жастарының конгресі» және ҚР Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және «Казка» Қазақстан кәсіпкерлер ассоциациясының» қолдауымен 27 маусым күні өз бастамасын алған еді. Бес күн ішінде жас кәсіпкерлер Астана қаласының табысты бизнесмендерімен кездесуге мүмкіндік ала отырып, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, «Казка» Қазақстан кәсіпкерлер ассоциациясының» жобаларымен танысты. Жоба аясында қатысушылар шағын және орта бизнес кәсіпорындарында тағылымдамалардан өтіп, жұмыс барысының ерекшеліктерін үйренді. Бұдан басқа, жоба қатысушылары кәсіби мастер-класстарға қатысып, өз ісінің дамуына қажетті кеңестер алды