АҚШ президенті Джо Байден Путинді тағы да айыптай сөйледі

АҚШ президенті Джо Байден Путинді тағы да айыптай сөйледі

АҚШ президенті Джо Байден Путинді тағы да айыптай сөйледі
ашық дереккөзі
275
АҚШ президенті Джо Байден жұмада Мюнхендегі қауіпсіздік конференциясында демократия мен автократия арасындағы әлемдік күресте болған "өзгеріс кезеңі" туралы сөз сөйледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz."Тым көп елде, соның ішінде Еуропа мен АҚШ-та демократиялық процестерге қауіп төніп тұр... Тарихшылар бұл сәтті зерттеп, жазады. Бұл өзгеріс кезеңі. Мен демократия жеңіске жетуі керек деп шын жүректен сенемін", - деді ол. Ақ үй басшысы Американың әлемдік аренаға оралғанын мәлімдеді. "Бәріне айтамын: Америка оралды! Трансатлантикалық одақ оралды, біз артқа жалтармаймыз", - деді Байден.
АҚШ президенті нарықтық экономикасы бар ірі демократтар Ресей мен Қытай сияқты басқа да ірі елдер тудыратын проблемаларды шешу үшін бірлесіп жұмыс істеуі керек, сонымен қатар ядролық қаруды таратудан бастап климаттың өзгеруіне, киберқауіпсіздікке дейінгі көптеген жаһандық мәселені шешуі керек екенін атап өтті.
Осылайша Байден Ресей АҚШ пен Еуропа және басқа елдердегі жағдайды тұрақсыздандыру үшін "зиянды" және мақсатты түрде әрекет еткенін атап өтті. Ол одақтастарын Вашингтонды қолдауға шақырды. Ал әлемдегі екінші ірі экономика Қытай бойынша, Байден демократиялық мемлекеттерді Қытай үкіметінің саясатына қарсы тұру үшін бірлесіп жұмыс істеуге шақырды, ол мұны "құндылықтарымызға қайшы келеді" деп сипаттады. "Қытаймен бәсеке қатал болады, бірақ бұл мен күткен нәрсе және мұндайды құптаймын", - деді АҚШ президенті. Байденнің айтуынша, Ресей президенті Владимир Путин Еуропалық Одақты әлсіретуге тырысады. Ол Украинаның аумақтық тұтастығын үнемі қолдайтынын атап өтті. "Ресей басшылары адамдар біздің жүйемізді (Ресеймен) салыстырғанда неғұрлым жемқор деп ойлағанын қалайды. Бірақ әлем бұл олай емес екенін біледі, бұл туралы Ресей азаматтары да біледі. Путин... трансатлантикалық бірлікті бұзғысы келеді. Себебі Кремльге біртұтас трансатлантикалық қауымдастықпен келіссөз жүргізуден гөрі жеке мемлекеттерді... қорқыту әлдеқайда оңай болады", - деді ол. Осыған байланысты, Байденнің айтуынша, "Украинаның егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғау Еуропа мен АҚШ үшін маңызды мәселе болып қала береді". (...) Америка басшысы "Ресеймен проблемалар Қытаймен байланысты мәселелерден өзгеше болуы мүмкін екенін, бірақ олар барын" айтты.  
 

Серіктес жаңалықтары