50240
Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Испанияда пошта маркасы шығарылды
Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Испанияда пошта маркасы шығарылды
Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Испанияда пошта маркасы шығарылды. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми сайтында хабарланады.
«Жоба Қазақстан Елшілігінің бастамасымен еліміздің тарихындағы елеулі оқиғаға орай жүзеге асырылды. Маркада Тәуелсіздіктің 30 жылдығының логотипі бейнеленген және ондағы жазу испан тілінде жазылған.
Хат алмасудың күнделікті нышаны болып табылатын пошта маркасы испандықтарға Қазақстан Тәуелсіздігінің мерейтойын еске салады», делінген хабарламада.