371
Компьютерлік технология мен графиканы қолданып киім дайындау
Компьютерлік технология мен графиканы қолданып киім дайындау
Қазақстанның жеңіл өнеркәсібінің қазіргі уақыттағы жағдайы аса мәз емес. Қуаттарды жеткіліксіз жүктеу, мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстан тәуелді болу, айналым қаражатының жетіспеушілігі, өнімді алға бастырудың нарықтық құралдарын пайдаланбау тәрізді саланың проблемалары бүгінгі күнге дейін өзекті болып отыр. Айтарлықтай тұрақты түрде тек тігін өнеркәсібі ғана дамуда, оның соңғы 7 жылдағы нақты өсімі оң динамиканы көрсетті.Жалпы алғанда саланың ел экономикасына әсері елеулі емес және экономиканың басқа салалары тәрізді макроэкономикалық әсері жоқ.
«Өңіраралық жастар бизнес тағылымдамалары» жобасы барысында жас бизнесмендер «Ютария LTD» ЖШС жұмыс барысымен танысты. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында құрылған «Ютария ltd» өндірістік инновациялық компаниясы» ЖШС түрлі сала жұмысшылары үшін компьютерлік технология мен графиканы қолдана отырып, арнаулы киім дайындауға мамандануда. Фабрика цехтарында тігетін, пішетін, кесте тігетін автоматтандырылған бағдарлама арқылы басқарылатын жабдық бар. Кәсіпорында жеңіл өнеркәсіп бұйымдарын инновациялық жобалау, нанотехнологияны қолдану үдерістері, ғылыми-қолданбалы әзірлемелер енгізілуде.
«Өңіраралық жастар бизнес тағылымдамалары» 27 маусым мен 2 шілде аралығында «Қазақстан жастарының конгресі» және ҚР Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және «Казка» Қазақстан кәсіпкерлер ассоциациясының» қолдауымен Астана қаласында өтуде. Бес күн ішінде жобаға қатысушылар елордалық шағын және орта бизнес нысандарында тағылымадан өтеді. Сондай-ақ жас кәсіпкерлер кәсіби мастер-класстарға қатысып, өз ісінің дамуына қажетті кеңестер алуды.