Жамбылда 251 гектар жерді жайлаған 50 тоннадан астам жабайы қарасора жойылды

Жамбылда 251 гектар жерді жайлаған 50 тоннадан астам жабайы қарасора жойылды

Жамбылда 251 гектар жерді жайлаған 50 тоннадан астам жабайы қарасора жойылды
ашық дереккөзі
343
Былтыр Жамбыл облысында 251 гектар жерден 50 тоннадан астам жабайы қарасора жойылған. Бұл жұмыстар жерді жырту, шабу, өртеу және гербицидтерді қолдану арқылы жүзеге асқан. Бұл туралы ӨКҚ ақпарат алаңында Жамбыл облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Асқар Жұмабеков айтты. Спикердің айтуынша, өткен жылы өңірде заңсыз айналымнан 3 тонна 277 келі әртүрлі есірткі заттары тәркіленген. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 284 келіге көбірек. Зиянды заттардың басым бөлігі яғни 3 тонна 199 келі марихуана, 1 келі астам героин, 75 келіден астам гашиш және 2 келіден аса синтетикалық есірткі заттары тәркіленді. « Былтыр Жамбыл облысы бойынша 815 есірткі қылмысы тіркелді. Оның ішінде 220 қылмыс дерегі және 595 қылмыстық теріс қылықтар. Есірткі заттарын сатып, оңай олжаға кенелгісі келгендерге қатысты 120 дерек анықталған. Ал, есірткі затын аса ірі мөлшерде сақтау бойынша қылмыстардың жалпы саны 68 болса, есірткі контрабандасының 6 дерегі бар» - деді, А. Жұмабеков. Сондай-ақ, брифинг барысында ел арасында есірткі бақшасын егетіндердің бары айтылды. Мәселен құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді өсірудің 26 дерегі кездескен. Тәркілеу кезінде есірткі заты бар өсімдіктердің 733 түп данасы жойылған. Қазір қала көшелері мен үй қабырғаларына граффити-жазуларды жазу арқылы есірткі затын насихаттайтындар көп кездеседі. Осындай жолмен ұсталғандарға қатысты 3 дерек тіркелген. Полицейлер мен жергілікті жастар бірігіп Тараз қаласында 1000-нан астам жазба өшіріліп, 59 интернет-сайт бұғатталған. В Жамбылской области уничтожено более 50 тонн дикорастущей конопли на площади 251 гектар

Серіктес жаңалықтары