Депутаттарды қайта оқыту неге керек?

Депутаттарды қайта оқыту неге керек?

Депутаттарды қайта оқыту неге керек?
ашық дереккөзі
538
Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Мәжіліс отырысында «Қазақ­стан Республикасының кейбір заң­на­малық актілеріне аудандық, қалалық жә­не ауылдық билік деңгейлерінің дер­бестігі мен жауапкершілігін кеңейту мә­селелері бойынша өзгерістер мен то­лық­тырулар енгізу туралы» заң жобасын ұсын­ды. Мәслихат депутаттарының бі­лік­тілігін арттыру үшін бюджеттен 647 млн теңге қарастыратын заң жобасы қо­ғамда қызу талқыға түсті. Жаңа заң жобасы жергілікті биліктің дер­бестігі мен жауапкершілігін кеңейтуге ар­­­налған өзгерістерге сәйкес, «бюджет есе­бінен мәслихат депутаттарын даярлау, қайта даяр­лау және кәсіби біліктілігін арттыруды» қа­растырады. Аталған заң жобасының бірін­ші оқылымында Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығ­матулин «даярлау» мен «қайта даярлау­дың» не үшін енгізілгенін сұраған болатын. «Жарайды, «мәслихат депутаттарының кә­сіби біліктілігін арттыру» деген түсінікті нәр­се. Ал «даярлау» мен «қайта даярлау» де­ген­ді не үшін жаздыңыздар? Сіздер оларға жаңа­дан диплом берейін деп пе едіңіз? 647 мил­лион теңгені де береміз деп отырсыздар. Ар­тынан диплом беріледі дейсіздер. Бұл жас­тардың жақсы көретін әдеті, бір жылда бес дип­ломды алып, жүре береді. Енді оны осы заң жобасына да жазып қойыпты. Жай кө­шіре салған ғой. Енді өздері де не істегенін тү­­­сінбей отыр», – деді Н.Нығматулин.
Депутат Айгүл Нұркина: «Енді мәслихат де­пу­таттары тиісті бюджет қаржысы есе­бінен қайта даярлықтан өтуге және білік­тілі­гін арттыруға құқылы болады. Өкілетті ор­ган­ның мәліметінше, бұл мақсаттарға 647 млн теңгеге тарта қаржы бөлінеді. Сонымен бір­ге заң жобасында аталған норманы қалай іске асыру тетігі ескерілмеген. Осы орайда бұл қадамдарды кімдер, қалай және қандай фор­матта жүзеге асырады?» – деп Ұлттық эко­номика министріне сауал қойды.
Әсет Ерғалиевтің айтуынша, оқыту бес жыл­да бір рет, яғни алғашқы екі жылда жүр­гізіледі. Бұл тұрғыда біліктілікті арттыру мем­лекеттік басқару академиясының фи­лиал­дарында өткізіледі және оқыту 40 ака­демиялық сағатты құрайды. Жалпы, Ұлттық экономика министрі ұсы­нған заң жобасын Мәжіліс төрағасы тү­сініксіз деп бағалағанымен, Мәжіліс депу­тат­тары  бірінші оқылымда мақұлдады. Аталған заң жобасына қатысты Túrkistan халықара­лық газеті Ұлттық экономика министрлігіне ресми хат жолдаған болатын. «Депутаттар­дың біліктілігін арттыруға қандай қажеттілік туын­дады?» деген сауалымызға министрлік: «Депутаттық өкілеттіліктер ең алдымен әр­түрлі нормативтік құқықтық актілер, бюд­­жет­тер, кейбір төлемдер мен салықтардың мөл­шерлемелерін бекіту бойынша шешімдер қабылдаумен, сондай-ақ мемлекеттік орган­дармен өзара байланыста болады. Осыған байланысты, қызметтерді тиімді жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік жоспарлау, мем­лекеттік басқару жүйесі, бюджет және са­лық заңнамасы салаларында белгілі бір білім қажет. Сондай-ақ экономиканың түрлі салаларымен, заңнамадағы өзгерістермен, толықтырулармен танысу қажет. Сондықтан мәслихат депутаттарына біліктілігін арттыру құқығы беріледі»,  – деп жауап берді. Министрліктің жауабынан түсінгеніміз, биыл сайланған мәслихат депутаттарының көпшілігі кәсіпкерлік субъектілерінің, шаруа қожалықтарының басшылары, қоғамдық бірлестіктер мен кәсіподақ өкілдері, яғни бұрын депутаттық қызметпен айналыспа­ған­дар. Осы орайда мәслихат депутаттарының біліктілігін арттыру туралы норманы енгізу қабылданатын шешімдердің сапасын жақ­сартуға әсер етеді.  width= Шәріпбек ӘМІРБЕК, саясаттанушы: Депутаттар қайта оқытатындай студент емес  
– Мәслихат депутаттарының біліктілігін бюд­жет қаражаты есебінен  арттырудың қа­же­ті жоқ. Себебі депутаттың заңдық, эко­но­микалық сауаты, білімі болуы керек. Сосын жо­ғары білімі бойынша өз саласын жақсы біле­тін маман, екінші жағынан қоғамның өзек­ті мәселелерінен хабардар болуы қажет. Депутаттар қайта оқытатындай студент не­месе енді жұмысын бастайын деп жатқан мем­лекеттік қызметкер емес. Көп жағдайда бас­қару жүйесіндегі мемлекеттік қызмет­керлердің білімін жетілдіріп жатады. Ал енді депутаттардың білімін жетілдіру дегенді бұрын-соңды кездестірмедім. Ұлттық экономика министрлігінің бір жос­парлағаны бар шығар. Бірақ қазіргідей пан­демия жағдайында бюджет қаражаты есе­бінен мәслихат депутаттарын дайындық­тан өткізу, қайта даярлау және біліктілігін арт­тыруға 647 миллион теңге бөлу – басы ар­тық шығын. Қазірдің өзінде қаржы тапшы­лығын сезініп отырмыз. Халықтың қамын ойлайтын, қоғамның мәселесін шешетін адам­ды қайтадан оқытамыз деген ұсыныс­тары көңілге қонымсыз.
 width= Ілияс ИСАЕВ, экономика ғылымдарының кандидаты: Депутаттарды қайта оқытуға 647 миллион теңге аз  
– Депутаттарды қайта оқытуға және бі­лік­тілігін арттыруға бөлінетін 647 миллион теңге аз. Егер депутаттардың экономиканың түрлі салалары, заңнамадағы өзгерістер мен толықтырулар, бюджет және салық заңнама­сы туралы білімін арттыру қажет болса, атал­ған сома жеткіліксіз. Мүмкін бұл 647 мил­­­лион теңге бір ауданның немесе бір об­лыс­­тың экономикалық саясатын меңгеруге жетер. Ал республиканың мәслихат депутат­тары­ның барлығына жетпейді. Мәслихат депутаттарын қандай тақы­рып­­та оқытады, мәселе осында болып тұр. Де­­пу­таттарды оқыту шығын емес, ғылым да, бі­лім де, экономика да күн сайын өзгеріп жа­тыр. Кез келген мемлекеттің даму көрсеткіші  – сол елдің ғылыми-техникалық прогресі. Ғы­лыми-техникалық прогресс мемлекеттің қор­ғаныс қабілетін, экономикасын күшей­теді, мемлекет азаматтарының өркениет деңгейін арттырады. Сондықтан мәслихат депутаттарының білімін көтеруге керек деген 647 миллион теңге мемлекеттің қабылдаған нақты бір бағдарламасын түсіндіруге ғана жетуі мүмкін.

Серіктес жаңалықтары