287
Тұтынушылардың шығындарын қысқарту және инвестиция қажеттілігін азайту
Тұтынушылардың шығындарын қысқарту және инвестиция қажеттілігін азайту
«Өңіраралық жастар бизнес тағылымдамалары» жобасы барысында жас бизнесмендер "ARTA Software" IT-компаниясының жұмыс барысымен танысты. Компания ұйымдарды басқару үшін және жұмысты жүйелеу үшін бағдарламалармен қамтамасыз етеді . "ARTA Software" бағдарламалармен қамтамасыз ету әзірлеуші компания ретінде 2005 жылы құрылды. Кәсіпорынның атауы ежелгі скифтердің сенімдеріне байланысты қойылған. Мағынасы шабыт, ақиқат, әділдік, тәртіп, сондай-ақ адал еңбекті іске асыру болып табылады. Ұйымның басты мақсаты тұтынушылардың шығындарын қысқарту және инвестиция қажеттілігін барынша азайту, сату өнімділігін арттыру және бәсекеге қабілетті артықшылықтарға ие болу.
Еліміздің әр өңірінен келген жас бизнесмендер кәсіпорынмен танысу барысында кәсіпорынның жетекшісі Болат Башеев мырзамен танысты. Өз кезегінде кәсіпорын жетекшісі бизнес барысында кездескен қиыншылықтарынмен бөлісті, жұмыс барысында жасаған қателіктерін атап өтіп олардан арылуға шақырды.
Естеріңізге сала кетейік «Өңіраралық жастар бизнес тағылымдамалары» маусым айының 27-і күні «Қазақстан жастарының конгресі» және ҚР Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және «Казка» Қазақстан кәсіпкерлер ассоциациясының» қолдауымен өз бастамасын алды. Бес күн ішінде жас кәсіпкерлер Астана қаласының табысты бизнесмендерімен кездесуге мүмкіндік ала отырып, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, «Казка» Қазақстан кәсіпкерлер ассоциациясының» жобаларымен, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының» мемлекеттік қолдауына ие болу мүмкіндіктерімен танысады. Жоба аясында қатысушылар шағын және орта бизнес кәсіпорындарында тағылымдамалардан өтіп, жұмыс барысының ерекшеліктерін үйренеді. Бұдан басқа, жоба қатысушылары кәсіби мастер-класстарға қатысып, өз ісінің дамуына қажетті кеңестер алады.