Сауль «Канело» Альварес: «Головкинді сұлатып түсіремін»

Сауль «Канело» Альварес: «Головкинді сұлатып түсіремін»

Сауль «Канело» Альварес: «Головкинді сұлатып түсіремін»
ашық дереккөзі
50289
Мексикалық былғары қолғап шебері Сауль «Канело» Альварес журналистердің оның Геннадий Головкинге қарсы үшінші кездесу өткізуді қай уақытқа жоспарлап отырғаны туралы сұраққа жауап беруден мезі болғанын айтты. «Канело» ESPN Deportes арнасынан шығатын A Los Golpes бағдарламасында Головкинмен өткен екі кездесуде өзінің мықтылығын дәлелдегенін мәлімдеді. — Барлығы Головкиннен басқа ештеңе сұрамайды. Неге екенін түсіне алмадым, бірақ барлығы тек ол туралы сұрақты төпелей жөнеледі. Бірақ мен онымен рингте 24 раунд жұдырықтастым. Онымен бокстасу үшін орта салмаққа көтерілдім, ал қазір екінші орта салмаққа ауыстым. Осы уақытқа дейін қол жеткізген барлық жеңісімнің айтарлықтай маңызы жоқ деп ойлайтын шығарсыздар, бірақ мұның барлығы – мен үшін өте маңызды жетістік. Сондай-ақ, менің рингте бір адаммен қайта-қайта жұдырықтасудан да маңызды мақсаттарым бар. Ал егер онымен кезекті рет бокстассам, оны төпелеп ұрып, нокаутқа түсіретініме сенімдімін. Бірақ мұндай жағдайда барлығы Головкинді жасы келген боксшы деп ақтап шығады. Мен бұл жағдайды жақсы білемін. Головкинге қарсы жекпе-жек ұйымдастырылады деп сенемін, бірақ мен оны сұлатып түсіргенде, сіздер оны бұрынғыдай өз бабында емес екенін айтып шығасыздар», – деді Альварес. Естеріңізге сала кетейік, «Канелоны» бұған дейін тағы бір қазақстандық боксшы Қанат Ислам жекпе-жекке шақырған болатын.

Серіктес жаңалықтары