Армениядан жеткізілген көліктердің тіркеу мерзімі ұзартыла ма?

Армениядан жеткізілген көліктердің тіркеу мерзімі ұзартыла ма?

Армениядан жеткізілген көліктердің тіркеу мерзімі ұзартыла ма?
ашық дереккөзі
300
Қазақстанға Армениядан жеткізілген көліктерді тіркеу мерзімі 1 наурызға дейін ұзарды, - деп хабарлайды Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі. ІІМ мәліметінше, Қазақстанда 2020 жылдың 1 ақпанына дейін Армениядан әкелінген және тіркеу шарттары дұрыс 20 мыңнан аса көлік есепке қойылған. Көлігін тіркей алмаған мыңнан аса жүргізуші де бар. Мұның бірқатар себебі аталды. "Күрделі эпидемиологиялық жағдай мен карантин шектеулерінің ұзаққа созылуына байланысты енгізілген мемлекеттік шекараны кесіп өту шектеулерінен автокөлікті Арменияға кері әкету проблемалары туындады. Кейбір автокөлік иесі де карантинге байланысты қайта жабдықталған автокөлігін зертханаларда уақытылы сынақтан өткізе алмады, себебі олар кей өңірде жұмыс істемейді", - делінген Қазақстан ІІМ хабарламасында.
Үкімет мұндай көліктерді тіркеу мерзімін 2022 жылдың 1 наурызына дейін ұзартуды ұйғарды (Үкіметтің №104 қаулысы). Бұдан басқа, Қазақстанда тіркеуден өткен осындай автомобиль иелерін Арменияда салықтан босату туралы үкіметаралық келісім ішкі және мемлекетаралық рәсімдерден өтіп жатыр. Бұл шаралар автокөлік иелері үшін (Армения мен Қазақстанда) "екі рет" салық төлеуден босатуға бағытталған. Еске салайық, 2020 жылдың қаңтарында ІІМ Ресей, Қырғызстан, Арменияда есепте тұрған автомобильдерді тіркеу керегін мәлімдеді. Талап орындалмаған жағдайда бұл көліктер айыппұл тұрағына эвакуацияланып, содан кейін елден толығымен шығарылады. Ресми деректерге сәйкес, Қазақстанға Армения, Қырғызстан, Беларусь және Ресейде тіркелген 170 мыңнан аса көлік жеткізілген. 2020 жылдың тамызында әлі кем дегенде үш мың армян көлігі тіркеуден өтпегені хабарланған.

Серіктес жаңалықтары