Түрікменстаннан 153 қандасымыз Қазақстанға көшіп келді

Түрікменстаннан 153 қандасымыз Қазақстанға көшіп келді

Түрікменстаннан 153 қандасымыз Қазақстанға көшіп келді
ашық дереккөзі
351
ҚР Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстанның Түрікменстандағы Елшілігінің ұйымдастыруымен Түрікменстандағы қандастарымыз атамекен Қазақстанға көшіп келді. Мемлекеттік органдар құжат, көлік мәселелір шешіп, барлығы 153 азаматты, оның ішінде 141 ересек және 13 баланы аман-есен жеткізді.
ҚР Үкіметінің тапсырмасын орындау мақсатында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі және «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ-ның қолдауымен Ақтау - Болашақ бағытымен N502 пойызы шығып, қандастарымызды «Болашақ» станциясынан Ақтау қаласына дейін тегін жеткізіп берді.
Осылайша, қандастарымызды елге көшіріп әкелу кезінде ҚР ҰҚК Шекара қызметі шекарадан өту, Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-карантиндік бақылауды, Маңғыстау облысы және Қарақия ауданы әкімдіктері қарсы алу шарасына жан-жақты қолдау көрсетті.
Сонымен қатар қандастар Халықтың көші-қоны туралы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі № 477-IV Заңына сәйкес қандас мәртебесін және ҚР азаматтығын алуға қол жеткізе алады.
Енді қандастарымыздың Қазақстанның солтүстігіне орналасуға мүмкіншіліктері бар. Бұл Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 ақпандағы «Оралмандар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру үшін өңірлерді айқындау туралы» № 83 қаулысымен айқындалған Ақмола, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарын және қандастар өз қалауымен көшуге таңдауы бар.
Аталған облыстар қандастарымызды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 13 ақпандағы «Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың 2021 жылға арналған өңірлік квотасын белгілеу туралы» № 39 бұйрығына сәйкес өңірлерге орналастыруды қарастыруға дайын. Айта кетейік 2021 жылға арналған қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасының саны – 1 426 адам.
«Елге ел қосылса – құт» дегендей ата қонысымен қауышқан қандастарға қолдау көрсеткен ҚР Сыртқы істер министрлігіне, «Қазақстан Темір Жолы» Ұлттық компаниясына және осы игі іс-шараны жүзеге асырған барша жандарға алғыс айтамыз!

Серіктес жаңалықтары