293
Ресейдің ең бай депутаты қамауға алынды
Ресейдің ең бай депутаты қамауға алынды
Ресейдің Сахалин облыстық Думасының миллиардер депутаты Дмитрий Пашов қамауға алынды, деп хабарлайды РИА Новости.
Сот оған екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы шешім қабылдады. Пашов тергеу изоляторында 26 сәуірге дейін болады.
Сахалин облысының балық шаруашылығы қауымдастығының президенті, жергілікті парламент депутаты Максим Козловтың айтуынша, Пашов осы уақыт ішінде Сахалинде болған, барлық тергеу шараларына, жауап алуға қатысқан.
Дмитрий Пашов 26 ақпанда Хабаровскіге іссапармен келіп, ескі іс бойынша жауап алуға шақырылған кезде ұсталды, ол іс бойынша жауапқа тарту мерзімі аяқталды. Әңгіме "теңіз шаяны патшасы" Олег Канға қатысты видео туралы болып отыр. Бейнежазбада Сахалин депутатының достарының бірі Самарга өзенінен Қызыл кітапқа енген балықты аулап жатқан сәт түсірілген. Алайда Sakh.com сайтының хабарлауынша, Пашов оған тіпті қол тигізбеген. Олег Канға халықаралық іздеу жарияланды.
Айта кетейік, 2020 жылдың қыркүйегінде Forbes Пашовты Ресейдегі ең бай депутат деп жариялады. 2019 жылдың қорытындысы бойынша оның отбасының табысы 6,2 миллиард рубльге бағаланды. Депутат "Монерон" компаниясын басқарады. 2019 жылы компания 7,97 миллиард рубль табыс тапқан.