Аязда үсіп өлген 5 жасар бала қайтыс болар алдында зорланған

Аязда үсіп өлген 5 жасар бала қайтыс болар алдында зорланған

Аязда үсіп өлген 5 жасар бала қайтыс болар алдында зорланған
ашық дереккөзі
456
Ресейдің Саратов облысының Вольск қаласында көшеде өлі күйінде табылған бес жасар бала қайтыс болғанға дейін зорланған. Бұл туралы Life Shot Telegram-арнасына сілтеме жасап Lenta.ru хабарлады.  Дереккөздің хабарлауынша, бала үсіктен көз жұмған, алайда қайтыс болар алдында оны ұрып-соғып зорлаған. Денесінде жыныстық зорлық-зомбылықтың іздері бар. Бүлдіршіннің анасының айтуынша, балада айкезбелік дерті болған. Түнде кіші ұлын тамақтандыру үшін оянған әйел үлкен ұлының үйде жоқ екенін көреді. Әйел өзімен бірге тұратын 38 жастағы ер адамды баласын іздеуге жібереді. Біраз уақыттан соң полиция шақырған. Тергеушілер ер адамның киімінен қан мен биологиялық іздерді тапты. Сараптама тағайындалып, тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Серіктес жаңалықтары