Жұмыс істеуге ең қолайлы мемлекет анықталды

Жұмыс істеуге ең қолайлы мемлекет анықталды

Жұмыс істеуге ең қолайлы мемлекет анықталды
ашық дереккөзі
285
Әлемдегі еңбек мигранттарының ширек бөлігіне жуығы жұмыс істеу үшін Канадаға қоныс аударуды құп көреді екен. Бұл туралы BCG және The Network-тің бірлескен зерттеуінде айтылған, деп жазады ТАСС. «Канада АҚШ-ты ығыстырып, еңбек мигранттары үшін ең тартымды елге айналды», - делінген зерттеу қорытындысында. Сарапшылардың дерегінше,  респонденттердің 24 пайызыосы елді таңдаған. Сондай-ақ, жұмыс істеуге қолайлы елдер қатарына АҚШ, Австралия және Германия енді. 2014 және 2018 жылдары жүргізілген осыған ұқсас зерттеуде мигранттар арасында ең танымал елдер рейтингісінде Канада үшінші орын алған еді. Ал еңбек мигранттары үшін тартымды елдердің биылғы рейтингінде АҚШ екінші болып тұр, бұл ел үшін респонденттердің 20 пайызы дауыс берген, тура сондай дауыс санын Австралия да жинаған. Сұралғандардың 19 пайызы еңбек ету үшін Германияға, тағы 14 пайызы – Ұлыбритания мен Жапонияға қоныс аударуды қалайды.  

Серіктес жаңалықтары