Австралияда "жұмбақ рейстерге" билет сатыла бастады

Австралияда "жұмбақ рейстерге" билет сатыла бастады

Австралияда "жұмбақ рейстерге" билет сатыла бастады
ашық дереккөзі
321
Австралиялық Qantas әуе компаниясы бағыты беймәлім рейстердің ашылғаны туралы хабарлады. Компания "жұмбақ рейстер" деп атаған тасымалдың бұл түрі – шекаралар жабық кезде ішкі рейстерді ынталандырудың амалы, деп жазады CNN Рейс жолаушылары қайда ұшатындарын білмейді. Бастапқы бағыттар – Мельбурн, Брисбен және Сидней болады. Рейстерді сыйымдылығы 120 жолаушы болатын Boeing 737 лайнерлері орындайды. Эконом-класс билеті 737 австралиялық доллардан (575 доллар) сатылса, бизнес-класс билеттерінің құны – 1579 австралиялық доллар (1232 доллар). Бұл сомаға ұшу, сондай-ақ тамақтану және экскурсиялық бағдарлама кіреді. Барлық рейстер бір күндік болады: таңертең ұшу, кешке оралу. Qantas әуе компаниясының өкілдері бағыты белгісіз "жұмбақ рейстерді" бұған дейін 1990 жылдары ұйымдастырылғанын атап өтті.

Серіктес жаңалықтары