208
Қасым-Жомарт Тоқаев түрік халқына көңіл айтты
Қасым-Жомарт Тоқаев түрік халқына көңіл айтты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Кугар» әскери тікұшағының апатқа ұшырап, бірнеше адамның қаза болуына байланысты Түркия Президенті Реджеп Тайип Ердоғанға Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
«Түркияның шығысындағы Бингёль аймағында апатқа ұшыраған «Кугар» әскери тікұшағында құрбан болған және зардап шеккендер туралы ақпаратты терең күйзеліспен қабыл алдым. Осындай ауыр сәтте қайғы-қасіреттеріңізге ортақтасып, барша қазақстандықтардың және жеке өз атымнан Сізге, сондай-ақ, бауырлас түрік халқына қайғыра көңіл айтамын. Алла тағаладан қаза болғандардың жандары жәннатта болуын, жараланғандардың тез арада сауығып кетуін тілеймін», – деп жазылған жеделхатта.