206
Әлемде адам тіршілігі үшін қажетті негізгі тауарлардың бірі таусылуға жақын
Әлемде адам тіршілігі үшін қажетті негізгі тауарлардың бірі таусылуға жақын
Дүние жүзінде адам тіршілігі үшін маңызды тауарлардың бірі — құмның тапшылығы сезіле бастады. Құм судан кейінгі ең көп сұранысқа ие ресурс болып саналады, деп жазады CNBC.
Құм — жолдар, көпірлер, жоғары жылдамдықты пойыздар құрылысында, сондай-ақ шыны, кремний чиптерін жасауда және басқа да өндіріс түрлерінде қолданылатын негізгі зат. Әлем қазірдің өзінде оның тапшылығына тап болып отыр. Сарапшылардың болжамынша, бұл ХХІ ғасырдың ең үлкен проблемаларының бірі болмақ.
"Біз ешқашан құм таусылып қалады деп ойлаған емеспіз, бірақ кейбір жерлерде оның тапшылығы байқалуда",- деді БҰҰ климатологы Паскаль Педузци.
Айталық, бір тонна цемент өндіру үшін 10 тонна құм қажет. Бұл тек құрылыс қажеттілігі үшін жыл сайын 40-50 миллиард тонна құм жұмсалады дегенді білдіреді.
"Құм арзан, қолжетімді және қоры шексіз өнім ретінде қабылданады, шын мәнінде олай емес " дейді сарапшылар. Әлемде адам санының өсуі және қалалар қатарының артуы бұл тауарға деген сұраныстың одан әрі өсуіне ықпал етуі мүмкін.