Бітімгер әйел

Бітімгер әйел

Бітімгер әйел
ашық дереккөзі
654
Елімізде әскери салада әйелдер қауымы елеулі еңбек етіп келеді. Тіптен олардың саны жыл сайын артуда. Заңгер, қаржыгер, телефонист  секілді мамандықтарды игерген. Олар ұшақты басқарып, кемелерде қызмет атқарып, нысананы дәл көздейтін мергендерге айналды. Олардың арасында ерекше бітімгершілік миссиясын атқарып жүргендер де бар. Полковник Диля Ахметова, майор Шолпан Тәуішова, капитан Айжан Жасұзақова мен Римма Шәкеева бейбітшілік орнату және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге айтарлықтай үлес қосты. 2018 жылы майор Шолпан Тәуішова алғашқы бітімгер әйел атанған. Бір жыл бойы ол БҰҰ-ның Батыс Сахарадағы миссиясында әскери бақылаушы ретінде қызмет етті. 2019 жылдың ақпан айында оны капитан Айжан Жасұзақова алмастырды. Полковник Диля Ахметова БҰҰ-ның Ливандағы Уақытша күштер құрамында Ливан Республикасына штаб офицері ретінде жіберілді. Бітімгерлік миссия құрамындағы әйелдердің рөлі өте маңызды. Олар ер-азамат әріптестерімен қатар, барлық жағдайды бастарынан өткеріп, өздерінің біліктіліктерін көрсете білді. Майор Шолпан Тәуішова миссияны атқару кезінде, қатты толқығанын және өзіне үлкен жауапкершілік артылғанын атап өтті. - Мен өз күшімді сынап, бітімгершілік миссиялар туралы көбірек білуге мүмкіндік алдым. Міндетіме аумақты патрульдеу мен екі ел арасындағы келісімінің сақталуын бақылау кірді. Бітімгершілік миссияға қатысуым менің көмек көрсету мен шұғыл ден қою мәселелеріне қатысты ой-өрісім кеңейтті. Сондықтан Батыс Сахарада алған тәжірибем маған көмектесті деп сеніммен айта аламын, - деді Шолпан Тәуішова. Әйелдердің бітімгершілік операцияларға қатысуы олардың тиімділігі мен қабілеттерін біршама есе арттырады. Олардың миссиялары - сенімді нығайту және қақтығыстардың алдын алу мен жеңілдетуге көмек көрсету болып табылады. Сонымен қатар олар басқа нәзік жандылар үшін өздерінің құқықтарын қалай қорғау керектігі мен оларға тән емес мамандықтарды игеруде үлгі. Майор Шолпан Тәуішова, бітімгер әйелдердің басты міндеті – мейірім мен адамгершілік қасиетті басты қару ретінде қолданып, адамдардың жүрегін жаулауға болатынына сенімді. Қазақстан әйелдерінде аталған қасиеттер жетерлік.  width=  width= width=  width=

Серіктес жаңалықтары