244
Аршалы маңында 600 көлік 4 шақырымдық кептелісте қалды
Аршалы маңында 600 көлік 4 шақырымдық кептелісте қалды
Аршалы ауданы маңында автомагистральдің ортасын жүк көлігі жауып қалып, 600 автокөліктен тұратын 4 шақырымдық кептеліс пайда болған, деп хабарлайды Ақмола облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
6 наурызда Аршалы ауданының Анар стансасына жақын жерде, «Алматы-Екатеринбург» автомагистралінде ауыр жүк көлігінің жүргізушісі қолайсыз ауа райына байланысты рульді басқара алмай, жолдың ортасын бөлген темірге соғылған.
«Жолды ұзын жүк көлігі жауып қалғандықтан Нұр-сұлтан қаласы бағытында шамамен 600 автокөліктен тұратын 4 шақырымдық кептеліс пайда болды. Арнайы шараларды қолдана отырып, қабылданған шаралардың арқасында жолдың жүріс бөлігі ашылды. Кептелісте тұрған автокөлік, қауіпсіздік шаралары мен жылдамдық режимін сақтай отырып, Аршалы ауданының қызметкерлерімен Нұр-сұлтан қаласына дейін апатсыз жеткізілді», делінген хабарламада.
Полицейлер жолдарда мұқият болуды және ауа райы қолайсыз болған жағдайда елді мекендерден тыс жерге шықпауды сұрайды. Еске сала кетсек, 6 наурызда Ақмола облысында қалың қарда жолда қалған 200-ден астам адам эвакуацияланған еді.