Ресей Eurovision байқауына қай әншісін жіберетіні белгілі болды

Ресей Eurovision байқауына қай әншісін жіберетіні белгілі болды

Ресей Eurovision байқауына қай әншісін жіберетіні белгілі болды
ашық дереккөзі
299
Мамыр айында Нидерландта өтетін Eurovision байқауында Ресей атынан Manizha өнер көрсетеді. Ол "Первый канал" ұйымдастырған дауыс беру байқауының қорытындысы бойынша өзге үміткерлерді басып озды.  Халықаралық байқауда Manizha "Russian woman" ("Орыс әйелі") әнін шырқайды.
Өткен жылы Eurovision байқауына Ресей атынан Little Big тобы қатысуы тиіс болған. Пандемиясына байланысты былтыр ән додасы өтпей қалды. Биыл Little Big тобы байқауға қатысудан бас тартты. "Біз "Eurovision-2021" байқауына бармаймыз. Ресейде таланттылар өте көп. Олар да мүмкіндіктерін көрсетуі тиіс", - деп жазды топ әншілері инстаграм парақшасына.
Manizha - Манижи Сангиннің сахналық аты. Ол 1991 жылы Тәжікстанда туған. Кейінірек отбасымен Мәскеуге көшіп барған. Ол 12 жасынан бастап музыкамен айналысады. 2020 жылы Ресей атынан бірінші рет БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі агенттіктің ерікті елшісі атанды.
 

Серіктес жаңалықтары