Диаспоралық қоғамдастықты қолдауға қатысты кітап жарық көрді

Диаспоралық қоғамдастықты қолдауға қатысты кітап жарық көрді

Диаспоралық қоғамдастықты қолдауға қатысты кітап жарық көрді
ашық дереккөзі
344
Бүгін «Отандастар қоры» қоғамы  Нұр-Сұлтан қаласында тіркелген шетелдік дипломатиялық және халықаралық ұйымдардың өкілдерімен онлайн кездесуі өтті. Кездесу барысында «Отандастар қоры» вице-президенті Мағауия Сарбасов Қоғам мақсат-міндеттеріне және қызметіне тоқталып, алдағы уақытта шетелдік мәдени-гуманитарлық ұйымдармен ынтымақтастықты нығайту жолындағы жоспарларын талқылады. Іс-шара аясында Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен орыс және қазақ тілдерінде жарық көрген «Диаспоралық қоғамдастықтардың өзара іс-қимылы мен оларды қолдаудың халықаралық тәжірибесі» атты кітап - ақпараттық анықтамалықтың таныстырылымы өтті. Кітапта көші-қон және халықтың қоныстануы мәселелерімен айналысатын халықаралық, өңірлік халықаралық ұйымдардың негізгі құрылымдары мен қызметі туралы ақпарат ұсынылған, диаспоралық саясаттың халықаралық тәжірибесі, этникалық, мәдени және көшіп келушілер ұйымдарымен ынтымақтастығы қарастырылады, олардың ресми мекен-жайлары, байланыстары көрсетіледі. Анықтамалыққа білім беру саласындағы ұлттық, этникалық, діни және тілдік азшылықтардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша халықаралық заңнамалық, нормативтік құқықтық актілер, сондай-ақ көші-қон және көші-қон саясаты, этникалық қазақтарды тарихи отанына қайтару және т. б. мәселелері бойынша ҚР нормативтік-құқықтық актілері енгізілді. Анықтамалық мемлекеттік қызметшілерге, дипломаттарға, студенттерге, зерттеушілерге, сондай-ақ халықаралық қатынастар, сыртқы және диаспоралық саясат мәселелеріне қызығушылық танытқан барлық оқырмандарға арналған.

Серіктес жаңалықтары