Атырауда бала сатпақ болған әйел 5 жылға сотталды

Атырауда бала сатпақ болған әйел 5 жылға сотталды

Атырауда бала сатпақ болған әйел 5 жылға сотталды
ашық дереккөзі
429
Атырауда бала сатпақ болған әйел сотталды. Сот облыстық перинаталдық орталықтың бұрынғы қызметкерін дүние-мүлкін тәркілей отырып, 5 жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарды. Атырау облысының жасөспірімдер ісі бойынша мамандандырылған ауданаралық соты Хамзина Н.М-ге қатысты сотқа ҚР Қылмыстық Кодексінің 135-бабы 2-тармағы 8-бөлігі бойынша (Адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып, кәмелетке толмағандарды саудалау) берілген істі жабық отырыста қарады. Сот отырысында Н. Хамзина 2016 жылдың қаңтар айында Атырау облыстық перинаталдық орталығының медициналық тіркеушісі болып қызмет атқара жүріп, ата-анасы бас тартқан жас нәрестені сату туралы келісім жасасқаны анықталды. Ол бұл ойын іске асыру үшін 03.02.2016 күні сатып алушы К.С-пен аталған медициналық мекеме ғимаратында кездесіп, нәрестені 5 мың АҚШ долларына сататынын айтқан. Екі тарап келісіп, ол 2500 доллар көлемінде алдын ала төлем алған. 19.06.2016 күні Хамзина К.С-ке нәрестені беріп, қалған ақшасын алады. Осыдан кейін оны полицейлер қолға түсіреді. Ол енді жазасын жалпы режімдегі түзеу колониясында өтейтін болды.

Серіктес жаңалықтары