364
Гүлнар Каримова психиатриялық ауруханада ма?
Гүлнар Каримова психиатриялық ауруханада ма?
Өзбекстан Президенті Ислам Каримовтың қазасынан кейін оның үлкен қызы Гүлнардің тағдыры туралы әңгіме қайта қозғалды. Себебі әкесінің көзі тірісінде Гүлнар елдегі ықпалды тұлғалардың бірі саналған. Тек 5 жыл бұрын туындаған халықаралық қаржылық даулардан кейін жолы бөгелген еді.
Жоғары лауазымдағы дереккөз Президенттің тұңғыш қызының психиатриялық ауруханаға жатқызылғанын хабарлаған. Себептері айтылмайды. Сондай-ақ оның ұлы Ислам Каримов анасымен байланыса алмай отырған көрінеді.
Гүлнар Каримова кезінде саясатпен, бизнеспен ғана шектелген жоқ. Сән әлемінде бағын сынап, шоу-бизнесте «Гугуша» лақап атымен белгілі болған-ды. Кейін әкесінің бұйрығымен үйқамаққа алынған. Ал жалғыз сіңілісі Лола Каримова бір сұхбатында әпкесімен 12 жылдан бері араласпайтынын айтқан болатын.