БҰҰ-да саяси кеңесші болып жұмыс істейтін қазақ: БҰҰ-дағы бір бос орынға 800-дей адам үміткер болады

БҰҰ-да саяси кеңесші болып жұмыс істейтін қазақ: БҰҰ-дағы бір бос орынға 800-дей адам үміткер болады

БҰҰ-да саяси кеңесші болып жұмыс істейтін қазақ: БҰҰ-дағы бір бос орынға  800-дей адам үміткер болады
ашық дереккөзі
50691
Ғалымжан Кирбасов БҰҰ Бас хатшысының Сирия бойынша арнайы өкілінің кеңсесінде саяси мәселелер жөніндегі кеңесші болып жұмыс істейді. Бұған дейін БҰҰ-ның Сомалидегі кеңсесінде екі жылдай қызмет еткен ол бүгінде Сирия үкіметі мен оппозицияның арасында диалог ор­нату, конституциялық реформа дайындау, әскери-саяси жанжалдардың ал­дын алу, тараптардың татуласуына түрткі болу, бітімгерлікке шақыру сияқ­ты істерге жауапты. Осы секілді маңызды мәселелерді шешудің басы-қасында жүрген Ғалымжанмен хабарласып, әңгімелескен едік. [caption id="attachment_141235" align="aligncenter" width="566"] width= БҰҰ-ның Женевадағы кеңсесінің алдында[/caption] – Нью-Йорк штатының универ­си­те­тін­де докторантура бөлімін бітірген соң, Бі­ріккен Ұлттар Ұйымына жұмысқа тұ­рып­­­сыз. Еңбек жолыңызды бірден БҰҰ-дан бастадыңыз ба, әлде бұған дейін бас­­қа орындарда қызмет еттіңіз бе? – Докторантурада оқып жүргенде Колум­бия университетінің студенттеріне бір жыл­дай Орта Азия елдерінің қоғамы туралы дәріс оқыдым. Студенттерімнің басым көп­шілігі Орта Азия елдерінің ішінде Қазақ­станға ерекше қызығатын. Тіпті, арасында Қазақ­станға келіп жұмыс істеуге, қазақ тілін үйре­нуге құлшынып жүргендері бар болды. Аме­рикалық бір студентім Алматыға келіп, жарты жыл уақыт жұмыс істеді. Енді біреуі Қа­зақстан туралы зерттеу жасау үшін елге жиі келіп-кетіп жүрді. Университетте сабақ беру­ден бөлек, Нью-Йоркта бірнеше үкімет­тік емес ұйымдарда арнайы жобалар бойынша жұмыс істедім. Сосын докторантура бойын­ша өндірістік тәжірибені БҰҰ-ның Нью-Йорктегі бас кеңсесінен өтуді ұйғардым. БҰҰ-ға жұ­мысқа тұру үшін сырттан өтінім тап­сы­ратындарға қарағанда, ішінде өнді­рістік тәжірибеден өтіп жүргендер көп нәрседен хабардар болады. Сол уақытта бос орын ту­ралы жарияланған хабарлан­дыру­ларға өті­німдер тапсырдым. Қателеспесем, БҰҰ-ға қатысы бар 50-ден астам жұмысқа өті­нім жі­бердім-ау деймін. Жалпы, БҰҰ-ға жұмысқа тұру қиын. Әсіресе, Нью-Йорк пен Женевадағы кеңсе­лерінде бос тұрған бір орынға шамамен 800-дей адам­ үміткер болады. Тиісінше, бәсекелестік жоғары болған соң көп ұйымдардан бас тарту туралы жауап келетіні түсінікті жайт. Маған сол кезде екі кеңседен, атап айтсам Нью-Йорктегі кеңсе мен БҰҰ-ның Сомалидегі кеңсесінен (UNSOM) жауап келді. Бірақ жауап келген соң да, сені бірден жұмысқа қабылдамайды. Алдымен жазбаша емтихан өткізеді, кейін сұхбаттасуға шақырады. Жалпы, БҰҰ-ға жұмысқа кіру – ұзақмерзімді процесс. Бұған дейін БҰҰ-да жұмыс істеп көрмегендіктен, екі бірдей кеңседен жауап келгенде, қай жаққа барған дұрыс екенін білмей дал болдым. Сосын өндірістік тәжі­ри­беден өткен кезде танысқан әріптестеріммен ақылдасқан едім, олар маған «Нью-Йорктағы кеңсе жақсы-ақ, бірақ Со­малиде өтетін прак­тикалық тәжірибе ка­рьераң үшін тиімді» деп ақы­лын айтты. Со­малидегі миссияның бір ерек­шелігі, онда тіке­лей Сомали үкіметімен, мұн­дағы әртүрлі топ­тармен жұмыс істейсің. Со­нымен қатар кө­мекке зәру мемлекетке кең­седе отырып емес, сол елдің аумағында жүріп еңбек еткен соң, жұмысыңды жақсы түсіне бастайсың, көп нәрсе үйренесің. Сон­дықтан БҰҰ-дағы карьерамның бастауында тәжірибе жинақтау үшін Сомалидегі қызметті таңдадым. Дегенмен онда қызмет ету оңайға соқпады. Жалпы, БҰҰ-ның қатерлі аймаққа көмек көрсету жөніндегі миссия­ларының сипаты әртүрлі. Кейбірінде отба­сыңмен бірге тұра аласың, онда барлық жағдай қарастырылған. Келесі бірінде  де отбасыңмен бірге тұруға рұқсат етілген, десек те криминалды топтар қауіп төндіруі ықтимал. Оның үстіне, ондай аймақта ағылшын тілді мектептер жоқ. Ал енді біріне отбасыңды апара алмайсың, себебі қауіп-қатер деңгейі жоғары, айналаңда лаңкестік әрекеттер жасаудан тартынбайтын  қарулы топтар көптеп жүреді. Мұндай аймаққа қызметкер жалғыз өзі баруы керек. Ал Сомалиде ашылған миссия мен айтқан үшінші санатқа кіреді, онда отбасыңды апара алмайсың. Мұндағы кеңсеміз сырты қор­шалған, күзет қарауында болса да, бұл қауіпті аймақ саналады. Сол себепті жұбайыммен ақылдасып, бала-шағамды Қазақстанда қал­дырдым. Сөйтіп, қанша қауіпті өңір болса да, осында екі-үш жылдай жұмыс істеп, тәжірибе жинақтайын, кейіннен отбасыммен бірге тұрып, жұмыс істеуге мүмкіндік беретін басқа кең­сеге ауысамын деп жоспарладым. БҰҰ-ның ережесі бойынша, осындай қауіпті ай­мақтарда ашылған миссияларда жұмыс істейтін қызметкер төрт апта бойы жұмыс істеп, бір апта демалысқа шыға алады. Сол се­бепті төрт апта тынбай жұмыс істеген соң, Қазақстанға бір аптаға барып-келіп жүрдім. –БҰҰ-ның Сомалиге көмек көрсету мис­­сиясында қандай міндеттер атқар­дыңыз? – БҰҰ әлемнің әр түкпірінде саяси, әлеу­меттік, мәдени және гуманитарлық көмек көрсету бағытында жұмыс істейді. Біздің миссия саяси сипатқа ие болғандықтан, бізге Сомали мемлекетіне саяси тұрғыда көмек­тесу міндеті жүктелді. Нақтырақ айт­қанда, Сомали үкіметіне жаңа конституция жазу, үкіметтің саяси жүйесін құрастыру, мемлекет әскері мен полициясын жасақтау және сайлау өткізу сияқты маңызды істерге көмектесуді мақсат тұттық. Осылайша, Сомалиде екі жыл жи­наған тә­жірибем жеткілікті екеніне көз жеткізген соң, басқа кеңселерде жұмыс істеп көрейін деп шештім. [caption id="attachment_141228" align="aligncenter" width="566"] width= Сомали. Жұмыс барысында[/caption] – БҰҰ аясында жұмыс істейтін бол­ғандықтан, Сомалидегі кеңседен Женева­дағы штаб-пәтерге ауысу оңайырақ болған шығар. Екі жыл бұрынғыдай ем­тихан, сұхбаттасу кезеңінен өтпеген бо­ларсыз? – Жоқ, ешкім сені БҰҰ аясында басқа кең­седе жұмыс істеп жүр екенсің деп, ба­сың­нан сипап, екінші кеңсеге оңай ауыстыра сал­майды. Басқа кеңсеге ауысқың келсе де, ал­дымен хабарландыруларды қарайсың. Алғаш рет жұмысқа тұрғанда қандай ұзақ­мерзімді сынақтан  өтсең, осында да тура сол сынақтан қайта өтесің. Айта кетерлігі, БҰҰ-да жұмыс істейтін қызметкер запаста болады. Алайда мұның айтарлықтай артықшылығы жоқ. Егер басқа аймақтан атқарып жүрген қыз­метіңе ұқсас бір жұмысқа өз еркіңмен ауыс­қың келсе, қайтадан құжат тапсырасың. Бірақ емтихан тапсырған соң, келесі кезең сұхбаттасуды өткізбей-ақ, емтихан нәтиже­лері бойынша жұмысқа тұруға мүмкіндік беруі әбден мүмкін. Десек те, кей кездері қызметкерден жұмысқа тұрғалы жатқан миссияның жұмысынан хабардар екеніңді білу үшін сұхбат алуы мүмкін. Женевадағы кеңсеге жұмысқа тұрмас бұрын, хабарлан­дыру қарап, нәтижесінде көп кеңсеге өтінім жібердім. Көп ұзамай, бірнеше кеңседен жауап келді. Запастағы қызметкер болсам да, емтихан алып, сұхбаттасып, нәтижесінде жолым болып, Женевада БҰҰ-ның Сириядағы саяси процеске көмектесу үшін ашылған кеңсесіне жұмысқа тұрдым. Әу баста, бұл кеңсеге БҰҰ-ның Сирия мәселесі бойынша арнайы өкілі болған Кофи Аннан басшылық еткен. Сосын бұл қызметті Лактар Брахими, Сте­фан де Мистура жалғастырды. Қазір ар­найы өкілі қызметін Гейр Педерсен атқарады. [caption id="attachment_141229" align="aligncenter" width="566"] width= Дамаскідегі Уммаяд мешітінің алдында[/caption] – Сирия үкіметіне де Сомалидағыдай саяси мәселелерді шешу бойынша көмек көрсетесіздер ме? – Иә. Негізгі кеңсеміз Женевада орна­лас­қан. Сирия астанасы Дамаскта да кеңсе бар. Ол жаққа барғанда көбінесе Сирияның сыртқы істер министрлігімен кездесу үшін сыртта жүреміз. Біздің кеңсенің негізгі жұмысы – Сирия үкіметі мен оппо­зицияның арасында диалог орнату, әскери-саяси жанжалдың алдын алу, тараптарды татуласуға итермелеу. Қысқаша айтқанда, екі тараптың арасында делдал рөлін атқарып, бітімгерлікке шақырамыз. Сонымен қатар екінші маңызды міндет – Конституциялық реформа жасау. Жалпылама айтсам, аталған жұмыстың барлығына БҰҰ Қауіпсіздік кеңе­сінің №2254 резолюциясы арқылы берілген саяси мандаты бойынша араласуға құ­қылымыз. Бұл резолюция Си­риядағы ушық­қан жағдайды тұрақтандыруға мүмкіндік береді. Осының негізінде саяси процестерді жетілдіруге белсене араласамыз. Айта кетерлік жайт, Конституцияны қайта қарау бойынша сириялықтар біздің миссияның қолдауымен ортақ бір мәмілеге келді. Бұған дейін олар бір-бірімен келісе алмай, бұл мәселені шеше алмай жүрген болатын. Нәтижесінде, конституция мәселесі бойынша Женевада жиналыс өткізіп тұратын болды. Соңғы рет осы қаңтар айында бесінші кездесу өткізді. Жалпы, конституциялық комитет 150 адамнан тұрады. Мұның 50-і – үкімет мүше­лері ұсынған делегация, 50-і – оппозиция өкілдері ұсынған делегация, қалған 50-і – аза­маттық қоғам өкілі. Мұнымен қоса, Конституцияны жазуға жауапты редак­циялық комиссия жұмыс істейді. Бұл ко­миссияға аталған үш топтың ішінен 15 адам, жалпы саны 45 адам кіреді. Сонымен қатар Сирия мәселелері бойынша Астана фор­матындағы халықаралық кездесулерге барып тұрамыз. Өзіңіз білетіндей, Сириядағы бітім­гершілікке кепіл мемлекеттер, атап айтсақ Ресей, Түркия және Иран басшылары мен өкіл­дері Нұр-Сұлтанда Сирия үкіметінің мүшелері, оппозиция өкілдерімен жиі бас қосады. Десек те, биыл пан­демияға байла­ныс­ты Нұр-Сұлтан қаласында өтуі тиіс кез­десу Ресейдің Сочи қаласында ұйымдас­тырыл­ды. Аталған миссияда жұмыс істеген үш жылдың ішінде бұл маңызды кез­десуге бес рет бардым. [caption id="attachment_141233" align="aligncenter" width="566"] width= Сирия мәселелері бойынша Астана форматындағы халықаралық кездесу кезінде[/caption] – Сирияны әлемде от пен оқтың орта­сы деп танитыны белгілі. Басшылығыңыз аталған елдегі шиеленіскен саяси мәсе­лелерді реттеу міндетін жүктегенде, бір­ден келістіңіз бе, жоқ әлде бұл өз таң­дауыңыз ба? – Иә, Сириядағы жағдай – дүниежүзіндегі ең қиын тартыстардың бірі. Бұл соғысқа бір ел емес, бірнеше мемлекет қатысқан. Бірі үкіметті қолдаса, енді бірі оппозицияны жақтайды. Негізі, тартыстарды шешуге тырысу, ортақ мәмілеге шақыруды қызықты іс деп білемін. Сөйтіп, бітімгершілікке шақыру қызық болып көрінген соң, осы кеңседе жұмыс істеуге келістім. Қазір атқарып жүрген жұмысым өзіме ұнайды. Негізі, Сирияға бес-алты айда бір барамын. Кейде өзім барамын, кейде басқа әріптестерім барады. Десек те, Сирияның басқа аймағы болмаса, біздің кеңсе орналасқан Дамаск анау айтқандай қатерлі аймақ емес. Оның үстіне, Сирия үкіметі бақылауды күшейтіп, қауіпсіздікпен қамтамасыз етіп отыр. [caption id="attachment_141230" align="aligncenter" width="566"] width= Ғалымжан отбасымен бірге[/caption] – Өзіңіз тұратын Женева қаласында Қа­­зақстанның БҰҰ бөлімшесі жанын­да­ғы Тұрақты өкілдіктің орналасқаны бел­гілі. Сол өкілдік мүшелерімен қызмет ба­ры­­сында жиі араласып тұратын бо­ларсыз? – Жалпы, Женевада БҰҰ аясында жұмыс істейтін қазақтармен кездесіп, әңгімелесіп тұрамыз. Біле білсеңіз, БҰҰ-да жұмыс істейтін қазақтар жетерлік. Тек олар туралы жұрт­шылық көп біле бермейді. Білетінім, Нью-Йорк пен Женевадағы кеңселерде шамамен 20-ға жуық қазақ жұмыс істейді. Сонымен қатар Африка, Азия аймақтарында практикалық тәжірибе­ден өтіп жүргендер көп болуы керек. Жалпы, негізгі қызметім Сириядағы жағдаймен байланысты болғандықтан, Женевада осы мәселе бойынша жұмыс істеймін деп таңым атып, күнім батады. Елге іссапарға барғанда да үш-ақ күнге барамын. – Ал Президенттің пәрменімен қолға алынған, Сириядағы соғыс аймағынан отан­­дастарымызды елге қайтаруға ба­ғыт­талған «Жусан» операциясы жайлы есті­ген боларсыз? – «Жусан» операциясы туралы жаңа­лықтардан естимін. Бірақ бұған БҰҰ-ның қатысы жоқ, біздің миссия арқылы бұл іске араласа алмаймын. Мұнымен жергілікті билік өкілдері айналысады. Осы нау­рызда Сирияда соғыс отының тұтан­ғанына тұп-тура он жыл болды. Он жыл ішінде мыңдаған адам қаза тапты, миллиондаған адамдар босқын атанып, шартарапты кезіп кетті. Сонымен қатар осы уақыт ішінде Сирияның аумағына жан-жақтан кіріп, жағдайды одан бетер ушықтырып, көптеген террорлық топтың жетегіне еріп кеткен азаматтар қаншама. Қазір текетірес бірте-бірте тиылып, мемлекет ақырындап бейбіт өмірге аяқ басып келе жатқандықтан, кезінде тыныштық бұзғысы келіп, байбалам салған бөтен ниеттілер түрмеге қамалып жатыр. Сирияда Аль-Хол деп аталатын үлкен ла­герьде ИГИЛ тобының жұмысына қатысқан адамдар мен олардың отбасы қамауда отыр. БҰҰ-ның гуманитарлық көмек көрсетуге жауапты бөлімшелері лагерьге қамалған­дарды азық-түлік, медициналық көмекпен қамтамасыз етеді. Білуімше, сол лагерьде болған қазақ­стандықтардың отбасыларын «Жусан» арқы­лы елге қайтарып жатыр. [caption id="attachment_141236" align="aligncenter" width="566"] width= Альпі бөктеріндегі марафон кезінде[/caption] – Сізге отандастарыңыз  тарапынан «БҰҰ-ға қа­лай жұмысқа тұруға болады?» деген сұрақ жиі қойылатын болар? – Әрине. Менің жұмысыма қызығу­шылық танытатындарға айтарым, халық­аралық ұйымда қызмет істеу үшін, ең ал­дымен кем дегенде БҰҰ-ның екі тілін, ағыл­шын және француз тілін білу қажет. Үшінші тіл ретінде араб тілін меңгеріп алсаңыз, мұ­ның пайдасы орасан зор. Мысалы, қазір БҰҰ-ның Таяу Шығыстағы кеңселеріне жұмыс­қа тұру мүмкіндігі мол. Байқағаным, БҰҰ-ға жұмысқа тұруға өтінім беріп жатқан­дар­дың арасында араб тілін білетін мамандар аз. Дәл қазір араб тілінде еркін сөйлей ала­тын, сол аймақты жақсы білетін маман­дар­ға сұраныс жоғары. Сосын бірден БҰҰ-ға жұ­мысқа тұру қиынға соқса, біздің ұйыммен бір­ге жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйым­дардан жұмыс қарастырған абзал. Онда жи­наған тәжірибе БҰҰ-ға жұмысқа тұруға оң әсерін тигізеді. Бұл ұйымдарға БҰҰ-ға қарағанда жұмысқа орна­ласу оңайырақ. Десек те, аталған ұйымдар БҰҰ қызметкеріне қажетті іс-тәжірибе жинақтауда таптырмас мүмкіндік береді. Тағы бір айтатын маңызды нәрсе, БҰҰ-да немесе БҰҰ аясындағы жобаларды іске асырумен айналысатын көптеген үкіметтік емес ұйымдарда жұмыс істейтін қызмет­кер­лермен байланыс орнатып, нетворкинг жасау керек. Олар жол көрсетіп, жөн сілтейтініне сенімдімін. Сонымен қатар  көмек көрсетуге бағытталған миссиялардан бөлек, БҰҰ-ның бағдарламалары өте көп. Атап айтсақ, БҰҰ-ның Даму жөніндегі бағдарламасы (БҰҰДБ), БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ), БҰҰ Халық қоныстану қоры (ЮНФПА), БҰҰ есірткі және қыл­мыс мәселелері жөніндегі басқармасы (БҰҰ ЕҚБ), БҰҰ Жоғарғы комиссарының бос­қындар ісі жөніндегі басқармасы (БҰҰ ЖКББ), Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ), БҰҰ білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымы (ЮНЕСКО), Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ), БҰҰ өнер­кәсіптік даму жөніндегі ұйымы (ЮНИДО), АТҚБ/ЖТҚБ жөніндегі БҰҰ бағдарламасы (ЮНЭЙДС) және тағы басқа ұйымдарының бос жұмыс орны туралы хабарландыруы ар­қы­лы жұмысқа орналасуға болады. – Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан Әлия ТІЛЕУЖАНҚЫЗЫ

Серіктес жаңалықтары