50331
Жиырма жастағы қазақстандық футболшы еуропалық клубпен келісімшарт жасасты
Жиырма жастағы қазақстандық футболшы еуропалық клубпен келісімшарт жасасты
Қазақстандық футболшы Бақдәулет Зұлпықаров Беларусь Жоғары лигасында өнер көрсететін минскілік «Энергетик-БГУ» клубымен келісімшартқа қол қойды. Бұл туралы sports.ru хабарлайды.
Жиырма жастағы футболшы бұған дейін Бірінші лигада ойнайтын шымкенттік «Қыран» командасында доп теуіп, 5 кездесуде 2 рет гол соққан.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін минскілік клуб сапына Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Владислав Васильев қосылған болатын.