265
Ұшақ апатынан қаза тапқан әскерилерді жерлеу рәсімі өтті
Ұшақ апатынан қаза тапқан әскерилерді жерлеу рәсімі өтті
Алматы облысында Ан-26 әскери ұшағының апатқа ұшырауынан қайтыс болған әскерилер жер қойнына тапсырылды.
Дүйсенбі, 15 наурыз күні Боралдай кентінде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің авиация қызметінің қаза тапқан әскери қызметшілеріне әскери құрмет көрсету рәсімі өтті.
Баспасөз қызметі ҰҚК басшылығы шараға қатысқанын хабарлады.
Сағат 17:22-де ұлттық қауіпсіздік органдарында бір минут үнсіздік жарияланды.
Қазір ведомствоаралық жұмыс комиссиясы құрылып, әуе апатының мән-жайын анықтау бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.
"Қаза тапқандарды жерлеу орнына жеткізу үшін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жердегі және әуедегі көлік құралдары жұмылдырылды. ҰҚК көз жұмған және зардап шеккен әскерилердің туыстары мен жақындарына қажетті көмек пен қолдау көрсетіп жатыр", – деп жазылған комитет сайтында.Қызметтік міндетін орындау кезінде көз жұмған әскерилерді еске алу үшін ҰҚК орталық аппаратының ғимаратындағы ведомстволық ту төмен түсірілді.