Моңғолиядағы қазақ депутат оқушыларға стипендия тағайындады

Моңғолиядағы қазақ депутат оқушыларға стипендия тағайындады

Моңғолиядағы қазақ депутат оқушыларға стипендия тағайындады
ашық дереккөзі
377
Моңғолия Парламентінің депутаты Әубәкір Тілеухан Моңғолияның Жоғарғы оқу орындарына ілестіру (ҰБТ) сынағынан ең жоғарғы ұпай жинаған 6 оқушыға 1 миллион төгрөг стипендия тағайындады. Бұл туралы Моңғолия Парламенті депутатының баспасөз қызметі хабарлады. Моңғолия Парламентінің депутаты қандасымыз Әубәкір Тілеуханның бастамасымен Баян-Өлгий аймағының жалпы білім беретін мектептердің 12 сынып оқушыларына ұлттық бірынғай тестілеу сынағына онлайн дайындығын ELAB Education Academy орталығының көмегімен жүзеге асырады. Биыл Баян-Өлгей аймағында 12 сыныпты 1 680 оқушы бітіреді екен. "Жоба аясында математика, моңғол тілі, физика, химия, қоғамтану, ағылшын тілі пәндерінен дайындық жұмысы маусымның 28 күніне дейін жалғасады. Ковид-19 пандемиясына байланысты ҰБТ-ға арналған оқытулар шектеулі болып тұрғаны белгілі. Бұл жоба арқылы қашықтықтан Моңғолияның үздік 150-ге жуық ұстазынан тәлім алуға болады", - дейді халық қалаулысы Әубәкір Тілеуханұлы. Депутат алдағы уақытта білім саласы, соның ішінде Баян-Өлгей аймағының білім сапасын жақсарту, ұстаздардың біліктілігін арттыру жұмысына атсалысатынын айтты. Сондай ақ, 12 сыныпты табысты білім берген нәтижесі жоғары үздік 6 мұғалімге ынталандыру сыйлығы және ҰБТ сынағынан Баян-Өлгей аймағы бойынша ең жоғары балл жинаған 6 оқушыға 1 миллион төгрөг көлемінде сптипендия тағайындайтынын мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары