206
Тұман, көктайғақ, шаңды дауыл: Синоптиктер бүгін ауа райы қандай болатынын айтты
Тұман, көктайғақ, шаңды дауыл: Синоптиктер бүгін ауа райы қандай болатынын айтты
18 наурызда еліміздің кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді, батыста жаяу бұрқасын, күндіз оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғады, деп хабарлайды "Қазгидромет".
Қазақстанның басым бөлігінде антициклон шоғыры әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек еліміздің батысында атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар), солтүстік-шығысында аздаған қар жауады. Еліміздің кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, жел күшейеді, батыста жаяу бұрқасын, күндіз оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғады.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, жел соғады, кей жерлерде жылдамдығы 17-22 м/с жетеді, күндіз шаңды дауылмен күшейеді. Ақтөбе облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын соғады, күндіз кей жерлерде көктайғақ болады, жел 15-20, күндіз екпіні 23 м/с күшейеді. Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түседі, жел түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді.
Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түседі, жел 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с жетеді.
Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі, түнде кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді.
Ақмола, Түркістан, күндіз Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, Атырау облысының кей жерлерінде 17-22 м/с күшейеді.
Алматы, түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін.