588
Ауыздағы қышқыл дәм қандай қауіпті аурудың белгісі екені айтылды
Ауыздағы қышқыл дәм қандай қауіпті аурудың белгісі екені айтылды
Ауыздағы қышқыл дәм жүрек ұстамасынан хабар беруі ықтимал, деп хабарлайды РИА Новости.
Басылымның жазуынша, асқазанның қыжылсыз асты қорытпауы, жүрек айну немесе құсу да қауіпті жайттан хабардар етуі мүмкін.
Сонымен бірге себепсіз тершеңдік пен ұйқысыздық және шаршауға да мән берген жөн.
Дәрігерлердің айтуынша, бұл белгілер бірнеше күн бойы сақталуы немесе аяқ астынан пайда болуы мүмкін. Бұған бірден назар аударып, тез арада маман кеңесіне жүгіну қажет.
Айта кетейік, бұдан бұрын ресейлік дәрігер Арина Жегалина шаш пен тырнақ жағдайының нашарлауы қандай аурудан хабар беретінін айтқан еді.
Маманның сөзінше, анемиясы бар адамдар жұқпалы аурулармен жиі ауырады, жаңа коронавирустық инфекцияны ауыр өткередеі, Сондай-ақ, мұндай науқастарда трофика бұзылады, яғни шаш пен тырнақтың жағдайы нашарлайды.