Алматыда сәби жатқан бесікарбаны мопедімен қағып, оқиға орнынан қашып кеткен курьер ұсталды

Алматыда сәби жатқан бесікарбаны мопедімен қағып, оқиға орнынан қашып кеткен курьер ұсталды

Алматыда сәби жатқан бесікарбаны мопедімен қағып, оқиға орнынан қашып кеткен курьер ұсталды
ашық дереккөзі
281
Алматыда кішкентай бала жатқан бесікарбаны қағып, оқиға орнынан қашып кеткен мопед мінген курьер ұсталды. Полиция департаментінің баспасөз қызметі мопед жүргізушісі 1983 жылы туған Алматы қаласының тұрғыны екенін хабарлады. «Полиция қызметкерлері мопед жүргізушісін анықтап, оны ұстады. Ер адам жазаланудан қорқып, апат орнынан қашып кеткен. Осыған байланысты мынаны айтқым келеді. Бүгінгі таңда жаңа технологиялардың көмегімен қылмыскерді де, заңбұзушыны да тез анықтауға болады. Ұсталған адам Алмалы ауданының полиция басқармасына жеткізілді», - дейді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция басқармасының бастығы Манап Саттаров. Еске салайық, жол апаты 16 наурыз күні түскі сағат 13:20-да болды. Мопед жүргізушісі Төле би көшесімен шығыс бағытта келе жатып, Брусиловский көшесінде ішінде үш айлық бала жатқан бесікарбаға соғылған.  

Серіктес жаңалықтары