21 наурыз күнгі ауа райы болжамы

21 наурыз күнгі ауа райы болжамы

21 наурыз күнгі ауа райы болжамы
ашық дереккөзі
243
«Қазгидромет» РМК мәліметіне сәйкес, 21 наурыз күні республиканың басым бөлігінде жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын болып, екпінді жел соғады. Солтүстік-батыста жаяу бұрқасын күтіледі. Еліміздің кей жерлерінде тұман, көктайғақ, оңтүстікте және оңтүстік-батыста найзағай болжанады. Шығыс Қазақстан облысында желдің күші кей жерлерде 30 м/с және одан жоғары артуы мүмкін. Жолдарда көктайғақ, кей жерлерде тұман күтіледі. Алматы облысының кей жерлерінде тұман болады, желдің екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с және одан жоғары күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысында желдің жылдамдығы 23-28 м/с жетеді. Кей жерлерде тұман, көктайғақ болжанады. Ақмола, Қостанай облыстарында түнде 23-28 м/с, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с екпінде жел соғады. Жекелеген аумақтарда тұман, көктайғақ күтіледі. Қарағанды, Павлодар, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, желдің күші 15-20 м/с артады. Түркістан, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде найзағай, тұман күтіледі, Түркістан облысында жел 15-20 м/с күшейеді. Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, түнде жаяу бұрқасын болжанады. Желдің күші - 18 м/с. Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, түнде кей жерлерінде көктайғақ күтіледі, күндіз желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді. Атырау облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Түнде Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады.  

Серіктес жаңалықтары