513
Түркіменстаннан тағы да бір топ қандасымыз көшіп келуге дайын – Мағауия Сарбасов
Түркіменстаннан тағы да бір топ қандасымыз көшіп келуге дайын – Мағауия Сарбасов
«Еліміздегі ЖОО-да оқып жатқан 7 мыңға жуық қандас студенттерге короновирустан қорғау вакцинасы егілуі керек. Олар басқа елдің азаматы болғандықтан тізімге енбей қала ма деген алаңдаушылығымыз бар. Жалпы, қандастарымыздың Қазақстан аумағында міндетті медициналық сақтандыру мәселесі пысықталып жатыр» - деді Қазақстан ұлттық телеарнасындағы «Ашық алаң» бағдарламасына қатысқан «Отандастар қорының» вице-президенті Мағауия Сарбасов.
Сонымен қатар ол пандемияға қарамастан жыл басынан бері елге көшіп келіп жатқан қандастар саны артып келеді, осыған орай сырттан келетін ағайынның індетке қатысты ПЦР анықтамасы және талапқа сай визасы болса, шекарадан өтуіне шектеулер қойылмауын сұрады. Қазіргі күні Түркіменстаннан тағы да бір топ қандасымыз бір лекпен көшіп келуге дайын екендігін жеткізді. Осыдан бір ай бұрын бұл елден 154 этникалық қазақ көшіп келген болатын.