Сағыз көз саулығын сақтауға көмектесетіні анықталды

Сағыз көз саулығын сақтауға көмектесетіні анықталды

Сағыз көз саулығын сақтауға көмектесетіні анықталды
ашық дереккөзі
312
Диетолог Анна Белоусова "Звезда" телеарнасына берген сұхбатында көз саулығын сақтау үшін құрамында көп мөлшерде бета-каротин бар өнімдерді тұтыну керегін айтты. Сондай-ақ, ара-тұра сағыз шайнауға кеңес берді, деп жазады РИА Новости. "Ең алдымен, көзге қаражидек пен көкжидектің пайдасы мол. Бірақ сіз одан тосап жасауға асықпаңыз, қайнаған соң оның құрамында көзге пайдалы ештеңе қалмайды", - деді дәрігер. Диетолог көкжидек пен қаражидектің құрамындағы заттар қанның микроциркуляциясын және көз жүйкесінің қоректенуін ынталандыратынын атап өтті. "Сағыз қан айналымын және көздің қоректенуін жақсартады. Бірақ оны ақылға қонымды шекте шайнау керек", - деді ол. Сонымен қатар, Белоусова сәбізді көбірек тұтынуға  кеңес берді, өйткені ол көздің қараңғыда көру қабілетін жақсартады. Ол бұл көкөністің шикі түрінде де, термиялық өңдеуден кейін де пайдалы екенін баса айтады.  

Серіктес жаңалықтары