15 турист қар көшкінінің астында қалды

15 турист қар көшкінінің астында қалды

15 турист қар көшкінінің астында қалды
ашық дереккөзі
360
Ресейдің Мурманск облысында қар көшкіні жүрді. 15 адамнан тұратын туристік топ қар астында қалған болуы мүмкін, деп хабарлайды  ТАСС. Оленегорск ауданының басшысы Олег Самарскийдің айтуынша, осы ауданда қар көшкіні болған. «Ол жерде 15 адам болуы мүмкін. Олардың қай соқпақпен жолға шыққаны белгісіз. Оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр» деді ол. Аймақ тергеу комитетінің мәліметіне сенсек, қар көшкіні жүрген жерде кәмелет жасына толмаған балалар болуы ықтимал. «Мурманск облысының тергеу басқармасына Имандра стансасы маңындағы жабдықталмаған маршрутта туристік топ қар көшкінінің астында қалғаны жайлы хабар келіп түсті. Алдын ала мәлімет бойынша, оқиғадан зардап шеккен адамдар бар. Оқиға орнына криминалистер мен тергеуші аттанды. Қар астында қалғандар арасында кәмелет жасына толмаған балалар болуы мүмкін» делінген хабарламада.  

Серіктес жаңалықтары