737
Байденнің ұшақ баспалдағынан құлағаннан кейінгі жағдайы белгілі болды
Байденнің ұшақ баспалдағынан құлағаннан кейінгі жағдайы белгілі болды
Ақ үйдің өкілі Джен Псаки АҚШ президенті Джо Байденнің ұшақ баспалдағынан құлағаннан кейінгі денсаулығы туралы айтты, деп хабарлайды РИА Новости.
Оның айтуынша, АҚШ басшысы өзін жақсы сезінеді. "Сіз онымен [президенттік ұшақ баспалдағымен] көтеріліп көрдіңіз бе, білмеймін, кейде бұл өте қиын", — деді Псаки журналистерге.
19 наурызда желіде Байденнің нөмірі бірінші бортқа көтерілу сәтінің кадрлары пайда болды. Видеодан ұшақ баспалдағымен көтеріліп бара жатқан АҚШ президентінің сүрініп, құлап барып салонға кіргенін көруге болады. Ақ үйдің баспасөз қызметі бұл жағдайда қатты жел себеп болғанын айтты.