256
COVID-19: 69 науқастың жағдайы өте ауыр
COVID-19: 69 науқастың жағдайы өте ауыр
23 наурыздағы мәлімет бойынша 21 888 адам короновирус инфекциясынан (18 982 КВИ+ және 2 906 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 6418 пациент стационарда, 15 470 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда, деп хабарлайды ҚР ДСМ баспасөз қызметі.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 291 адамның жағдайы ауыр;
• 69 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 37 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.