309
"Өз ісінің майталман маманы еді": Аида Балаева Дүрәлі Дүйсебайдың отбасына көңіл айтты
"Өз ісінің майталман маманы еді": Аида Балаева Дүрәлі Дүйсебайдың отбасына көңіл айтты
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева танымал журналист, Мәдениет қайраткері, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Дүрәлі Дүйсебайдың қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен туған-туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтты.
"Ағамыз бүкіл саналы ғұмырын отандық медиа саласының дамуына арнаған өз ісінің майталман маманы еді. Еңбек жолын қатардағы тілші болудан бастап дарынды қабілетімен, кәсіби білігімен медиа саласындағы басшылық қызметтерге дейін көтеріле білді.
Марқұмның жарқын бейнесі, атқарған қызметі мен еңбектері жақындары мен әріптестерінің есінде мәңгілік қалады. Жатқан жері жарық, топырағы торқа болып, нұры пейіште шалқысын", - деп жазды министр Facebook парақшасында.