362
АҚШ-та Джохар Царнаевты өлім жазасына кесу ісі қаралады
АҚШ-та Джохар Царнаевты өлім жазасына кесу ісі қаралады
АҚШ Жоғарғы Соты Джохар Царнаевтың ісін қайта қарайды, бұған дейін апелляциялық сот өлім жазасын алып тастап, оны өмір бойына бас бостандығынан айырған болатын. Бұл туралы соттың баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды REUTERS.
Былтыр Джохар Царнаевқа қатысты өлім жазасы сот үкімімен тоқтатылған болатын. Дональд Трамптың әкімшілігі, оның ішінде АҚШ-тың экс-президенті және Бас прокурор Царнаев үшін өлім жазасына қол жеткізетінін мәлімдеген еді.
"Жоғарғы сот үкіметтің" Бостон террорисі" Джохар Царнаевтың ісін қайта қарау туралы өтінішін қарайды", - деді Жоғарғы Сот Twitter-де.
Еске салайық, 2015 жылдың басында Джохар Царнаев Бостондағы үш адам қаза тауып, 260 адам жарақат алған лаңкестікке байланысты айыпты деп танылған болатын. 15 мамырда алқа соты оны өлім жазасына кескен.
Бостондағы теракт кезінде қаза тапқандар: 8 жастағы Мартин Ричард, 29 жастағы Кристайл Кэмпбелл және 23 жастағы Линцзу Лу.