Нұр-Сұлтанда індет қайта өршіді

Нұр-Сұлтанда індет қайта өршіді

Нұр-Сұлтанда індет қайта өршіді
ашық дереккөзі
196
Елорда әкімшілігі тұрғындарды карантин талаптарын сақтауға шақырды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі. Соңғы аптада елордада сырқаттану деңгейі алдыңғы аптадан 76% жоғары. Яғни 100 мың тұрғынға шаққандағы қарқынды көрсеткіш 106,96 құрады. Репродуктивтік саны — 1,506. Науқастар санының артуына байланысты елорда 10 наурыздан бастап эпидемиологиялық жағдай бойынша «қызыл аймаққа» енді. Нұр-Сұлтан қаласында 22 наурыздағы жағдай бойынша, COVID-19 инфекциясының барлығы 28 248 жағдайы тіркелді, оның ішінде 17 947 — симптомды және 10301 —симптомсыз. Бір тәулікте зертханада расталған 203 жағдай тіркелді: симптомды - 136, симптомсыз – 67 жағдай. Өсім — 0,85%. Тіркелген 136 симптомдық жағдайдың 39-ы байланыста болған адамдар арасында анықталды, 97-сі — өз бетімен тексерілген. 22 наурыз күні 67 симптомсыз жағдай анықталды, оның ішінде байланыста болған адамдар арасында — 53. Бір тәулік ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 39 оқиға тіркелді. Бұдан бөлек, науқастармен байланыста болған 357 адам тізімге алынды. Індет өршіп тұрған ошақтардың жалпы саны – 1321, оның ішінде үйдегі ошақтар – 834 (байланыста болғандар саны — 1497), мекемелер саны – 487 (ұжымдарда байланыста болғандар — 1917). Осы ретте Нұр-Сұлтан қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті карантиндік шараларды қатаң сақтауды ұсынады: - маска режимін ұстану; - адам көп жиналатын орындарға бармау (естелік іс-шаралар, туған күндер, мерейтойлар, шығарып салу, құдалық, үйлену тойлары, беташар және басқа да іс-шаралар); - әлеуметтік қашықтықты сақтау; - қолды сабынмен жиі жуу немесе антисептикпен зарарсыздандыру. «Коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, өз денсаулығыңызға және жақындарыңыздың денсаулығына жауапкершілікпен қарауды сұраймыз!», - деді қала әкімдігі.  

Серіктес жаңалықтары