566
"Жер алып беремін": Атыраулықтарды алдаған алаяқ ұсталды
"Жер алып беремін": Атыраулықтарды алдаған алаяқ ұсталды
Атырау қаласының үш тұрғыны жер алып беруге уәде еткен алаяққа алданып қалды.
Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, полицияға үш тұрғын жүгінген.
«Атырау қалалық полиция басқармасына жергілікті үш тұрғын арызданып, алаяққа алданғанын жеткізген. Ол жәбірленушілерге осы уақытқа дейін жер алып бермеген, не ақшасын қайтармаған. Осыған байланысты жедел-тергеу тобы іздестіру жұмыстарын жүргізіп, күдіктіні анықталды. Ұсталған күдікті Ақтөбе қаласының 45 жастағы тұрғыны болып шықты», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.
Қазір осы факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.