Apple Samsung-қа айыппұл төлейді

Apple Samsung-қа айыппұл төлейді

Apple Samsung-қа айыппұл төлейді
ашық дереккөзі
200
Apple Samsung-қа OLED панельдерін жеткізу туралы келісімшартты бұзғаны үшін айыппұл төлейді. Бұл туралы The Korea Herald басылымы хабарлады. Анонимді салалық бақылаушылардың басылымға айтуынша, Apple компаниясы Samsung Display-ге смартфондарға арналған OLED-панельдерін сатып алмағаны үшін айыппұл төлеуі тиіс. Компаниялар арасындағы келісімге сәйкес, американдық IT алыбы OLED-экрандарының белгілі бір минималды санын сатып алуға міндетті. Осы талап қанағаттандырылмаған жағдайда тапсырыс беруші орындаушыға тұрақсыздық айыбын төлеуге міндеттеледі. Apple iPhone 12 mini өндірісінің төмендеуіне байланысты қажетті компоненттерді сатып алудан бас тартты. Бұдан бұрын инсайдерлер хабарлағандай, Тим Куктың компаниясы 2020 жылғы ең қолжетімді флагмандық модельдің сатылымына қанағаттанбайды және құрылғыны өндірістен алып тастамақшы. Сондай-ақ, Samsung OLED-панельдерінің диагоналі 5,4 дюймді құрайды және оны 12 mini-ден басқа құрылғыларда қолдануға болмайды. Apple өз міндеттемелерін бұзғандықтан,  Samsung Display-дан OLED-панельдерін жеткізу бір айда тоғыз пайызға төмендеді. "Apple компаниясы Samsung Display айыппұлын төлей ме, жоқ па белгісіз, бірақ келісімшарттар тарихы мен iPhone 12 mini сатылымының нашарлығын ескерсек, бұл әбден мүмкін", — деді журналистерге анонимді ақпарат көзі. Өтемақы мөлшері нақтыланбаған.

Серіктес жаңалықтары