203
Президент Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма тоғызыншы сессиясын шақырды
Президент Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма тоғызыншы сессиясын шақырды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма тоғызыншы сессиясын шақыру туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
"Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма тоғызыншы сессиясы 2021 жылғы 28 сәуір күні Нұр-Сұлтан қаласында Назарбаев орталығында "Бірліктің, татулық пен келісімнің 30 жылы" күн тәртібімен шақырылсын. 2. Қазақстан Республикасының үкіметі Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма тоғызыншы сессиясын өткізуді ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдасын", - делінген құжатта.